Агитациялық жұмыстан ауданымыздың спортсмендері де қалыс қалмады
Зеренді селосында орналасқан "Жігер" сауықтыру - денешынықтыру комплексі директорының орынбасары, баскетбол ойынынан тренер, Республикалық олимпиада чемпионы, Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Прокопьева Светлана Михайловна Зеренді ауданының спортсмендерімен онлайн форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында Зеренді аудандық Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. "Nur Otan" партиясының жетістіктері мен Жарғысы, Доктринасы туралы сөз қозғалып, кандидат барлық сұрақтарға толық түсініктеме берді.
