Жаңа
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мерейғалы Қойшыбекұлы кездесу өткізді.
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мерейғалы Қойшыбекұлы Жәнтікей ауылдық округінің бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өткізді.
А.К. Ахметжанова аудандық сайлауалды қоғамдық штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау өткізді
Аудандық мәслихатқа депутаттыққа үміткер А.К. Ахметжанова аудандық сайлауалды қоғамдық штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау өткізді. Қабылдау барысында жеке төл құжатты рәсімдеу туралы мәселелер болды.
"Б.Сырттанов" БПҰ мүшелерімен аудандық мәслихат депуттатығына үміткерлер Б.Тынышбаев кездесу
Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері партиялық мониторинг жүргізді
Бүгін партиялық бақылау комиссиясының мүшелері партиялық мониторинг жүргізу мақсатында Қаратөбе ауылы «Темірауыл-2» кешеніндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 67 бір пәтерлі тұрғын үй құрылысы алаңында болып, құрылыстың жүру барысымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс жұмысының 95 пайызы аяқтала келген. Құрылыс жүргізуші «Нұр-Талап и К» ЖШС-нің өкілі ендігі жұмыстар үйлерді газ желісіне қосу, төсеніш төсеу жұмыстары қалғанын айтып, жұмысты жоспарланған уақытқа, яғни жыл аяғына аяқтайтындарын жеткізді.
Аудандық үгіт-насихат.
Облыстық штаб мүшесі онлайн кездесті
#ХалықтықПартия#NurOtan
Бүгінде, үгіт-насихат кезеңі жалғасып жатыр. “Nur Otan” партиясы Түркістан қалалық филиалының мәслихат депутаттығына үміткерлер Шолпан Маратқызы, Намазбаева Инара, Айгүл Тілепова, Ханділляев Сәкен, насихаттау жұмыстарын өткізуде.
Азаматтармен кездесу барысында көкейіде жүрген сауалдарын жолдады. Партия барлық мәселелерді назаға алып, тиісті көмек көрсетілетенін жеткізді.
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Қалдығайты ауылының тұрғындарымен кездесті
Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша Қалдығайты ауылының тұрғындарымен мәдениет үйінде жүздесіп, сайлау туралы ақпараттар беріп, бағдарламаларын жан-жақты таныстырды. Кандидаттар кездесу барысында ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап беріп, оларды алдағы 10-қаңтардағы сайлауға бір кісідей қатысуға және "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.