Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Қалдығайты ауылының тұрғындарымен кездесті
Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша Қалдығайты ауылының тұрғындарымен мәдениет үйінде жүздесіп, сайлау туралы ақпараттар беріп, бағдарламаларын жан-жақты таныстырды. Кандидаттар кездесу барысында ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап беріп, оларды алдағы 10-қаңтардағы сайлауға бір кісідей қатысуға және "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.
