Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері партиялық мониторинг жүргізді
Бүгін партиялық бақылау комиссиясының мүшелері партиялық мониторинг жүргізу мақсатында Қаратөбе ауылы «Темірауыл-2» кешеніндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 67 бір пәтерлі тұрғын үй құрылысы алаңында болып, құрылыстың жүру барысымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс жұмысының 95 пайызы аяқтала келген. Құрылыс жүргізуші «Нұр-Талап и К» ЖШС-нің өкілі ендігі жұмыстар үйлерді газ желісіне қосу, төсеніш төсеу жұмыстары қалғанын айтып, жұмысты жоспарланған уақытқа, яғни жыл аяғына аяқтайтындарын жеткізді.
