ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Әлеуметтік қамсыздандыру ...
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Әлеуметтік қамсыздандыру кодексінің тұжырымдамасын әзірлеу үшін қазақстандықтардан ұсыныстар қабылдауды жалғастыруда. Бір ай ішінде азаматтардан 400-ге жуық жүйелі ұсыныс келіп түсті, олар негізінен әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар, тұрғын үймен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және т. б. мәселелерге қатысты. Ұсыныстар жинаудың маңызды кезеңдерінің бірі өңірлерге шығу болып табылады, олардың барысында жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен және халықпен кездесулер өтеді. ҚР Еңбекмині Ұлттық ресурстық орталығы жанындағы Әлеуметтік қамсыздандыру кодексінің жобасын әзірлеу жөніндегі сараптама тобының өкілі Жұмажан Жүкенов 7 өңірге барды, оның ішінде Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан, Атыра…
