Дәрігерлер партияны қолдайды
Кездесу барысында ауданның сайлауалды бағдарламасы бойынша, 2025 жылға дейін екі жедел жәрдем көліктерін жаңарту, аудандағы 7 дәрігер тапшылығын шешу, жыл сайын 8 медициналық қызметкердің біліктілігін арттыру, тұрғындарды скринигтен уақытылы өткізу секілді мәселелер жолға қойылғаны айтылды.

Өз кезегінде дәрігерлер де ой-пікірлерін ортаға салып, сайлау науқанына белсенді түрде қатысатындықтарын жеткізді.
Партия өкілдері “Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, дәрігерлерді алдағы жылы өтетін сайлауда еліміздегі беделді "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.
