Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Zoom платформасымен депутаттық фракция отырысы өтті

Бүгін Zoom платформасымен Талдықорған қалалық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы депутаттық фракция отырысы өтті. Отырысты депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары Жамал Нұратайқызы Нұрлыбаева өткізді. Отырысқа депутаттық фракция мүшелері,Еркін,Өтенай ауылдық округі әкімдері,партия филиалы өкілдері қатысты. Күн тәртібінде; "Ауылдарда жұмыспен қамту" мәселесінің орындалуы жөніндегі Еркін ауылдық округінің әкімі- Рыспеков Қанат Сағымханұлының және Өтенай ауылдық округі әкімі- Абишев Жаннұр Мұратұлының есебі тыңдалды. Депутаттық фракция мүшесі Бақытай Қабдолдаұлы Түстікбаев ауыл әкімдеріне сауал қойып,жауабын алды. Фракция мүшелері жаңадан бастап жатқан әкімдердің жұмыстарына сәттілік,табыс тіледі.

0
0
144

Осы тақырып бойынша

Zoom платформасымен депутаттық фракция отырысы өтті - Yvision.kz