Жаңа
Акимов Бекім Серікұлы мүмкіндігі ерекше жандармен кездесу өткізді.
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Акимов Бекім Серікұлы
#NurOtan #Bizbirgemiz #jenimpazbol #Tanday2021
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер , Акимов Бекім Серікұлы сайлауалды үгіт - насихат жұмыстарын жүргізу үшін, Олжабай батыр ауылының тұрғындарымен кездесті. Алдағы сайлау науқанындағы "Nur Otan" партиясының бағдарламасын түсіндірді. Партияның халық үшін атқарған жұмыстарын баяндады.
Акимов Бекім Серікұлы тұрғындарды "Nur Otan" партиясына белсенді дауыс беруге шақырды.
Смаилов Алтай Жексенбіұлы қоғамдық қабылдауында онлайн түрінде кездесу өткізді
Қаратал аудандық сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдауында Смаилов Алтай Жексенбіұлы онлайн түрінде кездесу өткізді.Сайлаушылардың өтініштерін, партияның аудандық сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, заң аясында кеңестер берді."Nur Otan" партиясына дауыс берейік!"
"Есіктен есікке" акциясы қарқын алуда.
Біздің тұрғындардың сыртта бей-жай қалмайтындығына және осындай кездесулер барысында өздерін мазалайтын мәселелер мен сұрақтарын көтеріп, қаламыздың дамуына өз үлестерін қосып жатқаны сөзсіз қуантарлық жағдай.
"Nur Otan" партиясы қазақстандықтардың ертеңі күні туралы алаңдамай, лайықты жағдайда өмір сүруі үшін нақты шешімдерді қабылдауды талап етеді.
"Nur Otan" партиясынан үміткер Мұхтар Битемиров бүгінгі акция аясында халықпен кездесіп, алдағы бесжылдыққа арналған партияның жоспарын таныстырды. Күн тәртібінде өзекті тақырып: "Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету" жаайлы кеңінен насихатталды.
Тұрғындар "Nur Otan" партиясы бұрынғыдай әрбір қазақстандықтың әл – ауқатын арттыру бағытына адал болып қалатынына сенеді.
«Nur Otan» нақты істер партиясы!
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Әйелдердің жан-жақты дамуына жағдай жасаймыз
Рахметқазинов Нұржан Нұрланұлы, Жұманов Ілияс Бейсембайұлы т.б үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Бүгін Үштөбе қаласындағы "Лад" ҚК қызметкерлерімен аудандық партия тізіміндегі кандидаттар: Рахметқазинов Нұржан Нұрланұлы, Боқбасаров Әділ Әбенұлы, Естеуов Болат Төлеуғазыұлы, Қалимолдина Ажар Нұрсалимқызы, Жұманов Ілияс Бейсембайұлы бизнес қауымдастық өкілдері және кәсіпкерлермен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында әр кандидат сайлауалды бағдарламаға тоқталып, дауыс берудің мемлекетіміздің болашағының дамуына қаншалықты түрткі болатынын ескере отырып,дамудың жеті басымдылығы бойынша да өз пікірлерін білдірді.
Ерекше қажеттілігі бар адамдарға жағдай жасаймыз
Халықтың қауіпсіздігі - басты назарда.
Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Алиева Торғын Сатыбалдықызы , Абжиков Медеу Ерболұлы және Барлыбаев Сапар Ибрагимұлы аға буын өкілдерімен жүздесті. " Nur Otan" партиясының 7 бағытынын басымдығын түсіндірді. Аға буын өкілдері тарапынан жылу , жол мәселелерлі жайлы сұрақтар қойылды. Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасында осы мәселелерді шешу жоспарланып отыр деп тұрғындарға жауап берді. Ауданымыздың инфрақұрылымын дамытуды қолға аламыз деді. Ауданымызды экономикалық тұрақты аудан етіп қалыптастыру үшін, жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде деді үміткерлер.Сонымен қатар , "Nur Otan" партиясы ауданның қауіпсіздігі басты назарда болады деп мәлімдеді. Бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету жоспарда бар деп сөздерін түйіндеді.Сөз соңында үміткерлер, "Nur Otan" партиясыме…