zoom платформасында онлайн агитациялық кездесу өткізді
"NurOtan" партиясынан кандидат Б.А.Ташимбаева, партия кандидаттары мен сенімді өкілдері аудан орталығы Жаңаарқа кентінде орналасқан Ақселеу Сейдімбек атындағы ЖОББ мектебінің ұстаздарымен zoom платформасында онлайн агитациялық кездесу өткізді.
Жиналыс барысында "NurOtan" партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары түсіндірілді.
Ауданда балалар үш жастан бастап білім беру орындарымен қамтамасыз етілген, үш ауысымды және апатты мектептер жоқ. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес аясында 6,1 мың мектеп оқушысы қашықтықтан оқытудың жаңа форматына көшті.
Сапалы білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін саланы дамытуда білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады.
Кездесу соңында кандидаттар сайлаушыларды 2020 жылғы 10 қаңтар күні сайлау учаскелеріне келіп, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырды
