Мазмұнға өту

Жаңа

Партиялық бақылау

Арал аудандық партия филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау мүшелері Сексеуіл кентінде орналасқан азық-түлік дүкендеріне мониторинг жүргізді. Сатып алушылар мен дүкен қызметкерлерінің санитарлық талаптарды сақтауына аса мән берілді

0
0
167

Тікелей эфир

жоспарға сәйкесті оздырылған онлайн режиміндегі қабылдауға қатысып отбасы мәселесін айта келіп ,тұрғын-үй алудың жолдарын сұрап өтініш білдірді,тұрғын-үй қатынастары туралы заңға сәйкесті жауап берілді,Бұлдырты ауылдық округінен күміс алқалы, көп балалы  ана Бахтиярова Гулзира  кіші балам үш жасқа толды тұрақты жұмыс сұрап өтініш білдірді   жұмысқа орналасудың   жолдары түсіндірілді,Жосалы ауылдық округінен А.Жұмағалиев атындағы Жосалы жалпы білім беретін мектеп балабақша кешенінің директоры Тажғалиев Әскербек Серікқалиұлы хабарласып мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген өтінішін білдірді ,аудандық білім бөлімі мен байланысып осы өтініш бойынша 2021 жылы жобалық сметаға қаржы жоспарлануда деген жауаптары алып берілді .Упқытпен санаспай азаматтардың өтініш тілектерін қабылдауға дайынбыз.

0
0
228

Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын насихаттау барысында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Базарбай Төрахметов мен Мархабат Жүгінісова ауданымыздағы мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді.

– Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. «Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен жетілдіруді жақтайды. Ол үшін Партия 2025 жылға қарай мынадай міндеттерді қояды:

Партияның басты мақсаты – «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруға жәрдемдесу, отбасының рөлін арттыратын және отбасылық құндылықтарды нығайтатын түрлі акциялар мен спорттық шаралар өткізу. Сондай-ақ, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды, соның ішінде тақырыптық шаралар арқылы, Қазақстан халқының бірлігі күнін жалғастыруға, «Берекелі шаңырақ» жастар жобасы аясында Аналар кеңестерінің жұмысына жағдай жасауға, бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді түрде қолдауға, қасиетті және көрікті жерлерге өлкетану экспедицияларының өткізілуіне, өңірдің қасиетті жерлерін жақсартуға жәрдемдесу. Азаматтық қоғамның дамуына және белсенділіктің жүзеге асуына ықпал етеді, – деді Б.Төрахметов.

Қай уақытта да мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Соған сәйкес кездесуде мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал болып табылатыны жөнінде сөз болды. Сондай-ақ, партияның алға қойған 7 басым бағыты жайында егжей тегжейлі түсіндіріліп, ой-пікір, талап-тілектер айтылды.

0
0
225

Партияның негізгі күші - халық сенімі.

"Nur Otan" партиясы халық үшін қызмет етеді.

Сайлауалды  үгіт - насихат жұмыстарын аудандық мәслихат депутаттығына үміткер  Рахимбеков Асет Жақсылықұлы  және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Алиева Торғын Сатыбалдықызы   жүргізді. Еркіншілік ауыл тұрғындарымен жүздесіп,  ауыл жағдайымен танысып қайтты.  Ауыл тұрғындары үміткерлерге  ауыл аймақты абаттандыру жөнінде сауалдарын жолдады. Ауылдың ақсақалдары тілектерін білдіріп, алдағы сайлауда сәттілік тіледі.

Асет Жақсылықұлы, партия ауылды дамыту жөнінде сайлауалды бағдарлама ішінде қарастырғанын ата өтті. Асет Жақсылықұлы  ауданымызда жаңа жұмыс орындары ашылады деп атап айтты.

Торғын Сатыбалдықызы өз сөзінде "Nur Otan" партиясы әрдайым көмекке мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетіледі деді. Атап айтсақ, биыл пандемия салдарынан уақытша жұмыс орындарынан айырылған отбасыларға материалдық  көмек көрсетілді.

Сонымен қатар , "Nur Otan" партиясы ауыл - аймақтарды таза ауыз сумен қамтамасыз етеді. Жол мәселесі де шешімін табады. Еліміздегі пандемияға қарамастан, "Nur Otan" партиясы әрбір жанға қолдау көрсетіп келеді.

Ауданымыздың экономикалық, әлуеметтік бағытын нақты қадамдармен жоспарлауда. Партия әділдік пен ашық жүйені қолдайды.

" Nur Otan" партиясымен бірге жаңа жетістіктерге жетеміз!

0
0
170

Nur Otan Атырауда: Ластаушы қалдықтар көлемін 12%-ке төмендетеміз

Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысшыларымен кездесу барысында экология, жұмыспен қамту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту және т.б. мәселелер талқыланды.

Партия алдағы 5 жылда өңірде кемінде 100 мың жұмыс орнын ашуға, 10 жаңа денсаулық сақтау нысанын, 11 мектеп пен 56 балабақша салуға уәде береді. Сондай-ақ, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 7 мың пәтер берілмек, ол үшін шамамен 3,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.

Өңір тұрғындары үшін тағы бір маңызды мәселе – экология. Бұл ретте «Nur Otan» ластаушы шығарындылар көлемін 12%-ке төмендету үшін бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғырту міндетін қойып отыр.

Бұдан соң сайлауалды штаб мүшелері қоғамдық ұйым өкілдерімен, паралимпиадалықтармен және басқа да ерекше қажеттілігі бар белсенді азаматтармен кездесті.

«Өздеріңіз білетіндей, Елбасы партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan» партиясы 2014 жылдан бері «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асырып келеді. Осы жобаның арқасында ерекше қажеттілігі бар 40 мың азамат жұмысқа орналасып, 24 мыңнан астам нысан қайта бейімделді, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерде инклюзияны қолдаудың 43 бөлмесі ашылды. Таяудағы 5 жылда ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін тағы 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанын бейімдеу жұмыстары жалғасын табады», - деп атап өтті Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ерекше қажеттілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, қоғамда ынтымақтастық ахуал қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасады. Жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі орталықтар ашу жоспарлануда. Жұмысқа орналастыру квотасын орындамайтын жұмыс берушілер үшін өтемақы төлемдері енгізіледі, ол ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын құруға бағытталады.

Тұрақты күтімді қажет ететін және жеке көмекшінің қызметін пайдаланбайтын барлық бірінші топтағы мүгедек азаматтарға қосымша әлеуметтік жәрдемақы ұсынылады. Бұл ретте 2025 жылға қарай мүгедектігі бар мұқтаж азаматтар 100% техникалық құралдармен және оңалту қызметімен қамтамасыз етіледі.

«Барша балаға – тең мүмкіндік» қағидатын іске асыра отырып, біздің партия барлық колледж бен жоғары оқу орындарында, сондай-ақ 70% мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім берудің енгізілуін қамтамасыз етеді. Оңалту орталықтарының саны артып, ерекше қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық және коррекциялық қолдау бойынша мемлекеттік тапсырыс енгізіледі. Асыраушысынан айрылған балалар бір мезгілде мүгедектігі және асыраушысынан айрылуы бойынша 2 жәрдемақы алады», - деді ол.

Билеуші партияның жоспарында зағип және көру қабілеті нашар жандар үшін кітапхана қорын кеңейту, оның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиеттерді көбейту, ымдау тілін онлайн-аудару бойынша арнайы бағдарламаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету де бар.

Осы күні нұротандықтар тағы да бірқатар кездесулер өткізді, оның ішінде «Atyrau-Avtopark» автобус паркінің жүргізушілерімен жүздесті. Өзекті тақырыптар бойынша емін-еркін сұхбат құрып, «Nur Otan»-ның өңір мен қалада өмір сапасын жақсарту жөніндегі бастамалары туралы әңгіме өрбіді.

0
0
215

Есіктен есікке

 Балаларының алды жетпістен асса, қолындағы ұлдың өзіде биыл елуге толды. Кезінде Аққұдықта,  кейін Алатау ауылында тұрсада бүгіндері Бұлан ауылының тумасына айналып үлгерді. Сол өңірдің жер су атауларын жатқа айтатын, ауылдар мен адамдарының тарихын бір кісідей білетін шежіреге толы қазыналы қария. Қал сұрасып бармай қалсақ жоқтап отыратын әдеті бар. – Биылғы жыл мағанда қиын тиді, көзімде көрмей қалды деп бастады әңімесін. Қорқып кетіп, аяқ жолыңызды көресізбе десем, - Жоқ, оны көремін, тек казит оқи алмай қалдымғо,- деп налып қояды.  Мен: - Әже, сіз түгілі ол казитті біздер әзер оқимыз, сізге енді өкпе жоқ дедім. Жасы биыл 94 толған әжеміздің айналасы газет журналға үйіліп жататын, олары расыменде азайыпты, есесіне радиомен дос болып алыпты.

– Жаңалықтан құр қалмайын деп қазақ радиосын тыңдаймын. Барлық жаңалықтан хабарым бар, сайлаудың өтетінін көптеген жастардың осы іске араласып жатырғанынан хабардармын деп, мағанда сенім білдіріп сәттілік тілеп батасын берді.

0
0
218

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Аманғали Бердалин әйелдер қауымымен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Аманғали Бердалин ауданымызға арнайы ат басын бұрып, әйелдер қауымымен кездесті. Онда «Nur Otan» партияcының сайлауалды бағдарламасын талқылады. Кездесу барысында зейнеткерлікке шығу жасы, кәсіп ашу сынды сауалдар қозғалды. Әр сауалға толыққанды жауап берген Аманғали Бисенбайұлы кәсіппен айналысамын деушілерге мемлекеттік бағдарламалар аясында қайтарымсыз қаржыларды алу жолдары бойынша кеңес берді. Одан кейін аудан орталығындағы аға буын ақсақалдармен кездесіп, хал-жағдайларын сұрады. Сонымен қатар ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген сауалдар бойынша жан-жақты жауап берді

0
0
120