ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Аманғали Бердалин әйелдер қауымымен кездесті
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Аманғали Бердалин ауданымызға арнайы ат басын бұрып, әйелдер қауымымен кездесті. Онда «Nur Otan» партияcының сайлауалды бағдарламасын талқылады. Кездесу барысында зейнеткерлікке шығу жасы, кәсіп ашу сынды сауалдар қозғалды. Әр сауалға толыққанды жауап берген Аманғали Бисенбайұлы кәсіппен айналысамын деушілерге мемлекеттік бағдарламалар аясында қайтарымсыз қаржыларды алу жолдары бойынша кеңес берді. Одан кейін аудан орталығындағы аға буын ақсақалдармен кездесіп, хал-жағдайларын сұрады. Сонымен қатар ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген сауалдар бойынша жан-жақты жауап берді
