үміткер Сәулебек Шегиров
Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Сәулебек Шегиров "Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, көрермендердің бірқатар сұрақтарына жауап берді.
Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Сәулебек Шегиров "Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, көрермендердің бірқатар сұрақтарына жауап берді.
Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Н.Тумышев, К.Ешманов, Л.Мендыгалиева және Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов, Э.Утеевтің сенімді өкілі Қ.Телагус, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Байжан «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева сайлаушылардың үйіне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында канвассинг-кездесу өткізді. Кездесу барысында үміткерлер ауданның «Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы», денсаулық саласының ардагері Амангелді Сейтмағанбетовтың шаңырағында болып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, ондағы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттар туралы айтты. Алда келе жатқан саяси доданың абыройлы өтуіне тілектестік білдірген А.Сейтмағанбетов ақ батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
“Nur Otan” партиясы Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Лариса Қайырғалиева Сайқын ауылының еңбек ардагерлерінің үйінде кездесу өткізді.
Кездесуде партияның аудандық сайлауалды бағдарламасының басты жеті басымдылығын түсіндіріп, басты мақсат-мұрат халықтың әл-ауқатын көтеру екендігін жеткізді.
Сонымен қатар ардагер карияларда өздерінің ақыл кеңестерін айтып, ой пікірлерімен бөлісіп, алдағы сайлауға сәттілік тілей отырып, ақ баталарын берді.
Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Тындырғанова Лаура Қобыландықызының сенімді өкілі Аманқұлова Жанна үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында канвассинг кездесулер өткізді.
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Бусаханова, Р.Бердиева, С.Дүйсенбеков және Г.Серікованың сенімді өкілі С Б.Еркінов Тұщықұдық ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында кандидаттар сайлауалды бағдарламалармен таныстырды. Ауыл тұрғындары белсенділік танытып, ауылды дамытуда өз ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды. Кандидаттар сұрақтар мен ұсыныстардың барлығы қаперге алынатындығын және алдағы болатын сайлауда белсенділік танытуға шақырды.
"Алматыгазсервис-Холдинг" АҚ ұжымымен аудан депутаттығына үміткерлер кездесу өткізді. Кездесуге кәсіпорын қызметкерлері, БАҚ қатысты.
Кездесу барысында аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында Маңғыстау облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар К.Ешманов, Л.Мендыгалиева және Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов, Э.Утеевтің сенімді өкілі К.Телагус, А.Байжан және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева, аудандық сайлауалды штаб мүшелері Қ.Исаев, Т.Қалдығұлов, Қ.Бабышев үгіт- насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында "Халық банк" АҚ бөлімшесінің және Маңғыстау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидаттар партия ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның басты бағыттары туралы айтып, 10 қаңтарда болатын сайлауға қатысуға шақырды.