Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Н.Тумышев, К.Ешманов, Л.Мендыгалиева
Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Н.Тумышев, К.Ешманов, Л.Мендыгалиева және Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов, Э.Утеевтің сенімді өкілі Қ.Телагус, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Байжан «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева сайлаушылардың үйіне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында канвассинг-кездесу өткізді. Кездесу барысында үміткерлер ауданның «Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы», денсаулық саласының ардагері Амангелді Сейтмағанбетовтың шаңырағында болып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, ондағы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттар туралы айтты. Алда келе жатқан саяси доданың абыройлы өтуіне тілектестік білдірген А.Сейтмағанбетов ақ батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
