Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қараспандағы «Құрманәлі» Өндірістік кооперативінің жұмысшыларымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Аудандық «Nur Otan» партиясы Сайлауалды штабының мүшелері: Тұран Әбдіқайымұлы, Бердімұрат Әлиасқар, Көшбаев Нұрсұлтан Қараспан ауылындағы «Құрманәлі» Өндірістік кооперативіне барып, жұмысшыларымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

— Біздің партия Сіздердің үміттеріңізді ақтау үшін, барлық топтағы халықтың мүддесін білдіру үшін және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Біз Сіздерге дұрыс таңдау жасап, мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз.

Біздің бағдарламамыз туған ауданды кешенді дамытуға бағытталған. Біз Түркістан облысының Ордабасы ауданын ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы сауда орталығына айналдыру бойынша нақты шараларды ұсынып отырмыз. Біз ауданның дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтар мен қоғамдық бірлестіктермен пікір алмасып, қызмет атқаруға және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын және ашық екенімізді мәлімдейміз.

Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаңа міндеттерді бірге жеңіп шығатынымызға сенімдіміз. «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады. 2021 жылдың І тоқсанына дейін Қараспан ауыл округінің Ақжол, Сарыарық елді мекендеріндегі егін суаратын суармалы сулар мәселесін шешуге ықпал жасаймыз. 2023 жылы Қараспан елді мекені ауыз сумен 100 пайыз қамтылады және 2025 жылға дейін ауылға газ тартылады.

Біздің міндетіміз – Ордабасы ауданының әрбір тұрғынының сенімін ақтау. Біз ауданның әрбір тұрғыны қолайлы өмір сүруі, дамуы мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құрамыз, — деді сайлауалды штабының басшысы Әлиасқар Байдуллаұлы..

0
0
206

Осы тақырып бойынша

Қараспандағы «Құрманәлі» Өндірістік кооперативінің жұмысшыларымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. - Yvision.kz