Мазмұнға өту

Жаңа

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Бүгін 25.12.2020 күні «Nur Otan» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Атырау қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат, «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалы Б.Мырғазалиев бастаған топ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті спорт саласы мамандарымен кездесті. Университеттің «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық» және «Дене тәрбиесі» кафедралары өңіріміздегі бұқаралық спортты дамытумен қатар, халықаралық деңгейге дейін танылған дарынды спортшыларды дайындап шығарған ұжым. Ұжымда спорт ардагерлері де бар. Партияның сенімді өкілдері «Nur Otan» партиясысының сайлауалды бағдарламасын, оның ішінде бұқаралық спорт, тұрғындардың хал-әуқатын жақсарту, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау бойынша атқарып отырған және болашақта атқаратын кешенді іс-шараларын айтып өтті.Қиындық…

0
0
141

Үміткерлер білім беру саласы қызметкерлерімен кездесті

Түлкібас ауданы Мәслихатының депутаттығына үміткерлер аудан орталығы – Т.Рысқұлов ауылындағы білім беру мекемелерінің денешынықтыру пәні мұғалімдерімен кездесу өткізіп, олардың көкейтесті мәселерімен, сұраныстарын тыңдап, оларды оңтайлы шешу жолдарын қарастырды. Мектеп жасындағы жасөспірімдердің мектептен тыс басқада спортпен айналасуына барлық жағдай жасалатындығы, аудан орталығында мамандырылған 2 жасөспірімдерге арналған мектептің барлығын тілге тиен еткен кандидаттар, келешекте аудан көлемінде спортпен айналысуды қолжеті ету "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында бар екендігін түсіндіріп өтті.

0
0
149

«Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы

2020 жылдың 25 – шы желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері, аудандық, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер және олардың сенімді өкілдері Көктерек ауылдық округінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспарлары талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде ауданның дамуы жайында бірнеше ұтымды ұсыныстар айтты. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.

17
0
172

"Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары өз кезегімен жүріп жатыр.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары өз кезегімен жүріп жатыр.

Бүгін "Nur Otan" партиясынан қалалық мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер Қ.Джаумбаев, Г.С.Дюсупова, С.Е.Шораев,

Б.Шеркешбаева, А.Сарсембаева, И.Қонысбаевтар болып, Атырау бизнес және құқық колледж ұжымына барып ұстаздар қауымымен кездесу өткіздік.

Оқу орынындағы білікті ұстаздар мен шығармашылық тұлғалармен кездесу өте қызықты өтті. Ұстаздарды "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдық. Олардың ортаға салған ой пікірлері тыңдалды. Ұстаздар қоғам үшін, еліміздің болашағы жастар үшін жасалатын істердің партия бағдарламасында бар екендігіне ризашылықтарын білдірді.

0
0
162

ПБК ұйымдастыруымен, аудандағы ірі әрі шағын сауда орталықтарына мониторинг жүргізді

Бүгін «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының партиялық бақылау комиссиясының ұйымдастыруымен, аудандағы ірі әрі шағын сауда орталықтарына мониторинг жүргізіп, «Баға өсімі» тақырыбы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. «Евразия», «Astana Mall» тағы сол сияқты шағын мекемелердегі көкөністер мен жемістердің, сүт және бидай өнімдерінің бағаларының сәйкес келмитіндігін бақылауға алды. Алдағы уақытта, бұл өзекті мәселелер Елордамыздың сапалық бақылау комитетіне тексеріске жіберілетін болады. Сонымен қатар мониторинг барысында партиялық бақылау комиссиясы аудан тұрғындарымыздың азық-түлік бағасының тұрақталуына байланысты ой-пікірлерін тыңдады.

0
0
156

«Маңғыстау волонтері, birgemiz» салтанатты шарасы өтті

Маңғыстаулық волонтерлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Волонтер жылының жабылу рәсіміне онлайн қатысып, биылғы жыл атқарылған волонтерлік жұмыстармен танысты.

0
0
163