Мазмұнға өту

Жаңа

"Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары өз кезегімен жүріп жатыр.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары өз кезегімен жүріп жатыр.

Бүгін "Nur Otan" партиясынан қалалық мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер Қ.Джаумбаев, Г.С.Дюсупова, С.Е.Шораев,

Б.Шеркешбаева, А.Сарсембаева, И.Қонысбаевтар болып, Атырау бизнес және құқық колледж ұжымына барып ұстаздар қауымымен кездесу өткіздік.

Оқу орынындағы білікті ұстаздар мен шығармашылық тұлғалармен кездесу өте қызықты өтті. Ұстаздарды "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдық. Олардың ортаға салған ой пікірлері тыңдалды. Ұстаздар қоғам үшін, еліміздің болашағы жастар үшін жасалатын істердің партия бағдарламасында бар екендігіне ризашылықтарын білдірді.

0
0
142

ПБК ұйымдастыруымен, аудандағы ірі әрі шағын сауда орталықтарына мониторинг жүргізді

Бүгін «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының партиялық бақылау комиссиясының ұйымдастыруымен, аудандағы ірі әрі шағын сауда орталықтарына мониторинг жүргізіп, «Баға өсімі» тақырыбы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. «Евразия», «Astana Mall» тағы сол сияқты шағын мекемелердегі көкөністер мен жемістердің, сүт және бидай өнімдерінің бағаларының сәйкес келмитіндігін бақылауға алды. Алдағы уақытта, бұл өзекті мәселелер Елордамыздың сапалық бақылау комитетіне тексеріске жіберілетін болады. Сонымен қатар мониторинг барысында партиялық бақылау комиссиясы аудан тұрғындарымыздың азық-түлік бағасының тұрақталуына байланысты ой-пікірлерін тыңдады.

0
0
137

«Маңғыстау волонтері, birgemiz» салтанатты шарасы өтті

Маңғыстаулық волонтерлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Волонтер жылының жабылу рәсіміне онлайн қатысып, биылғы жыл атқарылған волонтерлік жұмыстармен танысты.

0
0
146

Zoom платформасында жиналыс өтті.

«Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылау бойынша жиналыс өтті.

0
0
190

“Nur Otan” партиясының атынан алғаш рет азаматтарды қабылдау күнім болды.

Бүгін “Nur Otan” партиясының атынан алғаш рет азаматтарды қабылдау күнім болды. Маған берілген 1 сағат ішінде 3 адамды қабылдап үлгердім. Халық басқа жерден шешілмегесін, “Nur Otan” партиясы тарапынан өз мәселелерінің шешімін табамыз деген үмітпен келіп жатыр. Сұрақтар да әр алуан. Мәселен, Өркен ы/а бірнеше көшеде әлі күнге дейін қоқыс жәшігі жоқ, алайда қоқыс жинау үшін төлем алынады екен. Ендігі бір адамда жеке куәліктің мерзімі өтіп, айыппұлға ілігіпті. Оқудан соң жұмысқа орналаса алмау және т.б. Біз мәселенің мән-жайы анықтап, шешімін көрсетуге тырыстық.

#Болашағың үшін дауыс бер!!!!

#nurotan

#jen’impazbol

Nur Otan Gorod Atyrau

0
0
116