ПБК ұйымдастыруымен, аудандағы ірі әрі шағын сауда орталықтарына мониторинг жүргізді
Бүгін «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының партиялық бақылау комиссиясының ұйымдастыруымен, аудандағы ірі әрі шағын сауда орталықтарына мониторинг жүргізіп, «Баға өсімі» тақырыбы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. «Евразия», «Astana Mall» тағы сол сияқты шағын мекемелердегі көкөністер мен жемістердің, сүт және бидай өнімдерінің бағаларының сәйкес келмитіндігін бақылауға алды. Алдағы уақытта, бұл өзекті мәселелер Елордамыздың сапалық бақылау комитетіне тексеріске жіберілетін болады. Сонымен қатар мониторинг барысында партиялық бақылау комиссиясы аудан тұрғындарымыздың азық-түлік бағасының тұрақталуына байланысты ой-пікірлерін тыңдады.
