Мазмұнға өту

Жаңа

Мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлер үлестік құрылыстың проблемалық мәселелерін талқылауы

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласынан жергілікті мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттардың үлестік құрылыстың проблемалық мәселелерін талқылау бойынша партиялық бақылау комиссиясының қатысуымен онлайн отырысы өтті.

Кездесу барысына үміткерлерімізден Ахметов Саламат Қуатұлы – «Нұр-Астана Құрылыс» ЖШС басшысы, Солсанов Курейш Баширович – «АВС Partners» ЖШС басшысы және Сатмагамбетов Ғабит Хакімұлы – «G Park» ЖШС басшысы қатысты.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі ретінде «Алкон+» ЖШС басшысы Аюпов Аман Біләлұлы, «Қазақстан құрылысшылар одағы» басшысының орынбасары Мергенбаев Серікжан Мерғалымұлы құрылыс саласының үлескерлер мәселесі жөнінде өз ойларын білдірді.

0
0
218

2020 жылдың 24 желтоқсан күні Қараой ауылының мәдениет үйінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

2020 жылдың 24 желтоқсан күні Қараой ауылының мәдениет үйінде Іле аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Скоропадский Александр Борисович және Кузиев Дінмұхамед Ділмұратұлы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында үміткерлер ауданның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлауалды бағдарламада қарастырылған мәселелерді талқылап, ауыл тұрғындарының бірқатар сұрақтарына жауап берді.

0
0
138

"Алтын Жұлдыз" ЖШС қызметкерлерімен өткен кездесу

Кездесу барысында аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді, сонымен қатар сайлаушылар тарапынан сұрақтар болды. Сайлауалды бағдарлама алға қойылған жоспар болғанмен, жоспар талаптың арқасында жүзеге асады. Сондықтан партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда табандылық пен талаптылық керек екені атап айтылды. Үміткерлер кездесуге қатысқан денсаулық сақтау салысының өкілдеріне алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

0
0
187

Қоғамдық қабылдау жалғасын табуда

«Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түлкібас аудандық мәслихаттағы депутаттығына кандидаттыққа үміткерлер Мамбетов Ильяс, Мелдебекова Ақмарал және партияның сенімді өкілдері кестеге сәйкес кезекті азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында 12 өтініш түсті , оның 3 жазбаша , ал 9 ауызша түсті. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен өтініштерге Қазақстан Республикасы Заңнамасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

0
0
224