Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлер үлестік құрылыстың проблемалық мәселелерін талқылауы

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласынан жергілікті мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттардың үлестік құрылыстың проблемалық мәселелерін талқылау бойынша партиялық бақылау комиссиясының қатысуымен онлайн отырысы өтті.

Кездесу барысына үміткерлерімізден Ахметов Саламат Қуатұлы – «Нұр-Астана Құрылыс» ЖШС басшысы, Солсанов Курейш Баширович – «АВС Partners» ЖШС басшысы және Сатмагамбетов Ғабит Хакімұлы – «G Park» ЖШС басшысы қатысты.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі ретінде «Алкон+» ЖШС басшысы Аюпов Аман Біләлұлы, «Қазақстан құрылысшылар одағы» басшысының орынбасары Мергенбаев Серікжан Мерғалымұлы құрылыс саласының үлескерлер мәселесі жөнінде өз ойларын білдірді.

0
0
185

Осы тақырып бойынша

Мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлер үлестік құрылыстың проблемалық мәселелерін талқылауы - Yvision.kz