Жаңа
Осыдан 33 жыл бұрын анашым ол кезде орталық ауруханада мейірбике болып қызмет атқарады.
Үгіт науқанына қатысып жүрген Түпқарағандық белсенді жастармен кездестім
Мен не үшінNur Otan-дықпын!
Қоғамдық қабылдау
25 желтоқсан күні Бөрлі аудандық сайлауалды штабында қоғамдық қабылдауда болып, азаматтарды қабылдадым. Келген адамдардың мәселелері әртүрлі: біреудің жеке баспанасы жоқ, мүмкіндігі шектеулі жанға көмек, пандемия кезіндегі демеуқаржы төлемі сұрағы, зейнетақы көлемі, қоғамдық көліктің жүру кестесінің ыңғайсыздығы, мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысының төмендігі және осы салаға гранттың аз бөлінуі, №1 мектеп жанында асфальттың жоқтығы, жол жөндеу, Иксанова көшесіндегі жарықтандырудың жеткіліксіздігі, интернеттің әлсіздігі және басқа да сұрақтар. Кейбір сұрақтарға сол жерде түсініктеме беріп, ұсыныстарымды айттым. Қалғандарын анықтап, қарастырып, кейін міндетті түрде кері байланыс жасаймын.25 декабря т.г. провела прием граждан в общественной приемной Бурлинского районного предвыборн…
"Есіктен есікке" акциясы аясында.
«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жанар Сакенқызы және аудан белсенділері "Есіктен есікке" акциясы аясында ауылы тұрғындарының үйлеріне арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Отбасыларда өткен жүздесуде шаңырақ иелері «Nur Otan» партиясының ел дамуындағы үлесінің зор екендігін атап өтіп, алдағы сайлауда бас партияға сенім білдіріп, қолдайтындықтарын жеткізді.
спорт саласында жетістікке жеткен спортшыларды марапаттау рәсімі өтті.
"Есіктен-есікке" акциясы Жаңақазан ауылында
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар Досмұхамбетов Алихан мен Ермекқалиев Алтынбек "Есіктен-есікке" акциясымен Жаңақазан ауылына барды. Халықпен кездесіп, сайлауға дайындықтарынан хабардар болды. Елдің жай-күйін сұрап, тұрғындардың ұсыныс-тілегін түртіп алды. Сондай ұсыныстың бірі зейнеткерлік жастың ұлғаюы турасында болды. Үміткерлер "Сайлауда жеңіске жетсек, осындай елдік мәселелерді мінбелерде көтеретін боламыз. Сондықтан "Nur Otan"-ды қолдайық, ағайын!" деді.

Үржарда 2025 жылға қарай аудан тұрғындары толықтай таза ауызсумен қамтылмақ
Nur Otan партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қарашев Мамырбек Бақтығазыұлы, оның сенімді өкілдері, белсенді жастар және партияның Үржар аудандық сайлауалды штабы мүшелері Көлденең ауылдық округінің тұрғындарымен және "Юбилейный" ЖШС жұмысшыларымен кездесу өткізеді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат жүргізілді. Сонымен қатар жиналғандар тарапынан қойылған сауалдарға да нақты жауаптар берілді.- Ауылдарды таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Бүгінгі күні Үржар ауданында 53 ауылдық елді мекеннің 24-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, 29-орталықсыздандырылған. Біз 2025 жылға қарай қалған 29 ауылдың тұрғындарын сапалы ауызсумен толық қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз.«Nur Otan» партиясы…