Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастармен Networking форматындағы кездесу өтті

Кездесу Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Бижанова Гүлнәр Қадіржанқызы мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Оспанова Қадиша Базарбайқызының және Әлімбаева Адия Базылқызының қатысуымен өтті.

Жастармен болған кездесу пайдалы диалогқа құрылды. Еліміздің ертеңі болып табылатын жастар үшін табысты болу, жетістікке жету жолы, жастарға қатысты қандай бағдарламалар жүзеге асырылып жатқаны қызықты болды.

Гүлнар Қадыржанқызы, Қадиша Базарбайқызы Адия Базылқызы өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Жастарға мотивация берді. Сонымен қатар, жас кезіндегі қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Кездесуді Қадиша Базарбайқызы Елбасының "Жастың қуаты – білімі мен білігінде, бірлігі мен патриоттығында. Біз бабалардан мирас болған атамекенімізді тәуелсіз ел еттік. Тұрмысы шалқып, түтіні түзу ұшқан бақуатты мемлекетке айналдырдық. Татулықты – тұрақтылықтың және тұрақтылықты – дамудың тұғыры еттік. Біздің барша жетістіктеріміздің бастауы – бірлік. Бірлігімізді тұмардай сақтай білсек еліміз үшін алынбайтын белестер жоқ. Ол үшін әрқайсың өздеріңе жүктелген тарихи жауапкершілікті сезіне білулерің керек", - деген сөздерімен аяқтады.

0
0
190

Осы тақырып бойынша

Жастармен Networking форматындағы кездесу өтті - Yvision.kz