Еңбек ұжымында болды.
Еңбек ұжымында болды. Үгіт - насихат жұмысы кез келген сайлаудағы маңызды кезең болып табылады. Бүгін ауданымызда үгіт насихат жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламент Мəжілісі депутаттығына кандидат Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы жəне аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар М.Мейманханов, Б.Бабасов " Релсь дəнекерлеу компаниясы" ЖШС - де болып, еңбек ұжымының тыныс тіршілігімен танысты. Сапар барысында сайлау науқанында партияның атқарып жатқан жұмыстарын айта келе, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. "Темір жол - еліміздің күре тамыры " екендігіне тоқталып, қоғамдағы белсенді жəне өмірдегі алатын орнының маңыздылығын сөз етті. Еңбек ұжымы да кандидаттармен өз ойларымен пікір алысып, қолдауға сенім білдірді.



