Жармыш ауылына бару негізгі жоспарда жоқ еді. Алайда, ауыл азаматы Еркебұлан Жаулыбаев, қоғам белсендісі Амалбек Байжан інілеріміз хабарласып "Самат аға, ауылдың жігіттері Сіздің Шетпеде жүргеніңізді естіп, "ағамызға айтарымыз бар еді, уақыты болса, қашық жер емес қой" деп жатыр" деді.Түстен кейін бос едім, туған күніме қалада да іздеп жатқан адам көп еді. Бірақ, енді ауылдың азаматтарының өтінішін қалай жерге тастайын? Халықтан үлкенбіз ба? Тарттым Жармышқа!Жігіттер әкімдіктің алдында тұр екен. Көк көзді сары жігіт сөз бастады. "Сәке, атым Бисен Бекмағамбетов. Осы ауылдың жігітімін. Шақыруымызды қабыл алып, келгеніңізге рахмет. Үш-төрт мәселе бар еді, ойыңызда жүрсінші.Бірінші, Жармыштағы су мәселесі. Қаратаудың бұлақтары сарқылды білем. Осы елдің малына су керек ал. Жазда су таппаймыз.…