КАНВАССИНГ іс шарасы жалғасын табуда.
КАНВАССИНГ іс шарасы жалғасын табуда.
"NUR OTAN"-партиясының сайлау алды бағдарламасымен таныстыру мақсатында,Бәйдібек ауданының "Құрметті Азаматы",Алғабас совхозында 40-жылдай есеп саласында қызмет жасап,совхоздың нығайуына өз үлесін қосқан,қәзіргі таңда "Қызыл арық"-шаруа қожалығын ашып,2000-басқа тарта уақ мал,70-ке тарта ірі қара,100-ге тарта жылқы ұстап,Ауданның экономикасын көтеріп жүрген 70-тен асқан абыз Ақсақал Әлімбеков Аманбай атамыздың үйінде болдым.
Аманбай қария осы жағдайға жету үшін қаншама қиыншылықты бастан кешіргенін,кешегі 90-шы жылдары тоқырау заманда таралып кеткен совхоздар,жұмыссыздық , бұның бәрі оңай болмағанын,осы үшін "NUR OTAN"-партиясының, оның ішінде партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының қосқан үлесі зор екендігін айтты.Қәзіргі партияның жасап жатқан саясаты,2021-2025-жыл аралығындағы бағдарламадағы,дамудың жеті басымдықтарын дұрыс деп білетіндігін айтты."Әрине кемшіліктер жоқ емес,мысалы осы біздің ауылдың ауыз су мәселесі шешілмей келе жатқан мәселе.Жыл сайын істеледі.Бірақ жер асты судың табылмауына байланысты қалып кете береді.Осыны жеткізсеңдер.Су мәселесі шешілсе,газ келсе басқа не керек.Қаладан қай жеріміз кем.Жолдың бәрі тегіс асфальтталған.Мектебіміз,мәдениет үйіміз күрделі жөндеуден өткен,жаңа ауруханамыз бар,орталық саябақты демеуші арқылы әдемілеп жөндеуден өткізді"-деп ағынан жарылды.Және 10-шы қаңтарда міндетті түрде сайлауға баратындығын,:"NUR OTAN"-партиясына дауыс беретіндігін жеткізді.
