Мазмұнға өту

Жаңа

Белгілі ардагер ұстаз, ел ағасы Ордалы Қосаймен кездесу

Бүгін менің сенімді өкілім Ануар Бимағамбет белгілі ардагер ұстаз, ел ағасы Ордалы Қосаймен кездесіп қайтты. Өз ісінің үздігі, ауылдық мектепті басқара жүріп, талай жаңашылдыққа мұрындық болған, реформатор ағамыз білгенімен, тәжірибесімен бөлісті. Жасы зейнетке жеткенде бір күн де артық отырмаймын деп, орнына жас директор тағайындап кеткені, мектеп директорлары төрт жылдан артық отырмауы керек деп бастама көтергені, барлығы да кейінгіге өнеге. "Сонау 90 жылдары партбилетімді өз қолыммен тапсырғам, содан бері еш саяси ұйымға мүше емеспін. Ал сендердің елдің ынтымағы мен бірлігі үшін бастаған әр қадамдарыңызға сәттілік тілеймін"-дейді Ордалы ағамыз.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетейік!

#NurOtan

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
142

Аудан ардагерлерімен кездесу өткізілді

"NurOtan" партиясының Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабы кезекті агитациялық жұмысы барысында аудан ардагерлерімен кездесу өткізді.

Агитациялық кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары әңгімеленіп, аға буын өкілдерінің пікірі тыңдалды.

Кездесу барысында сөз алған аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Абжанов, партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген мақсаттарға қол жеткізетініне сенім білдіретінін және аудан тұрғындарын сайлауда NurOtan партиясын қолдап дауыс беруге шақыратынын айтты.

0
0
156

«Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы

2020 жылдың 29 – шы желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері, аудандық, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер және олардың сенімді өкілдері Елтай ауылдық округінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспарлары талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде ауданның дамуы жайында бірнеше ұтымды ұсыныстар айтты. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.

16
0
190

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымыз жалғасып жатыр. Сенімді өкілім Ануар Бимағамбет бүгін Маңғыстаудың табиғи ұлутасын кесіп, арнайы қаптама құрылыс өнімдерін шығарумен шұғылданып жүрген жеке кәсіпкерлік нысанның жұмысымен танысты. "Фасад Аглай" атауымен өнім өндіруші кәсіпкердің жұмысын бастағанына бір жылдан енді асқан. Жеке кәсіпкер С. Жұбанов ақшұқырлық 6 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкердің арманы, жоспары көп. Цехқа дейін жол, газ секілді инфрақұрылыммен қамтылса екен деп тілейді. Сонымен бірге жергілікті өндірушілердің өнімін мемлекеттік сатып алу, кейбір үлкен азаматтық ғимараттарды, әлеуметтік нысандарды салғанда өз өнімдерін техникалық талаптарға арнайы қосқанын қалайды. Жергілікті кәсіпкерлікке үлкен қолдау болар еді деп үміттенеді. Әбіш аға Кекілбайұлы бір еңбегінде " М…

0
0
194

Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабы Жаңаарқа кентінде сайлаушылармен агитациялық кездесу өткізді

"NurOtan" партиясының Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабы Жаңаарқа кентінде сайлаушылармен агитациялық кездесу өткізді.

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек көрсету саласының қызметшілерімен өткен кездесуде кандидаттар, партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндіріп, сайлаушылардың ұсыныстары мен сұрақтарына жауап берді.

Кандидаттар азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін, "NurOtan" партиясы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға күш салатынын айтты.

Кездесу соңында кандидаттар сайлаушыларды 2021 жылғы 10 қаңтар күні сайлау учаскелеріне келіп, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
130

Бүгінгі шешім ертеңгі күнге сенім

Елбасының шешімі болашаққа үлкен бір серпіліс болады деп сенеміз.

Сіздің дауысыңыз біз үшін өте маңызды!

Сіздің таңдауыңыз біздің болашағымыздың кепілі! 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге баршаңызды шақырамын.

Құрметті ағайын, қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетейік!

https://www.facebook.com/100022520781375/videos/866756610751690/

0
0
119

"Алдына келген адам құр қол кетпеген..."

Шетпедегі кездесулерімізді сауда саласының ардагері, бір әулеттің ардақты әжесі Жаңбыршина Тілектес апамыздың шаңырағында жалғастырдық. Бетімнен сүйіп қарсы алды. Кезінде Аудандық тұтынушылар одағында (Райпотребсоюз) басшылық қызмет жасаған апамыз әлі тың.Менің азамат болып қалыптасуыма ат салысқан екі адам болса, соның бірі - Тілектес апамыз. Студент кезімізде қаржылайда, киіммен де көмектесіп тұратын. Жалғыз менің емес әулеттің, тіпті елдің қамын ойлап жүретін. Ел арасында апамыздың беделі өте жоғары болды. Өйткені көп жылдары халықтың, әсіресе малшылардың тұтынатын азық-түлік пен тауарларын мүлтіксіз жеткізіп тұруды шебер ұйымдастыратын басшылардың бірі еді. Ағайын арасында да, қызметте де талапшыл және қай шаруаны да қатал тәртіппен басқаратын! Бәріміз ол кісіден қорқатынбыз. Сол кезд…

0
0
205

Өмір сүру жағдайын жаксартайық

NurOtan партиясы-отбасы институтынын нығайту, олардың материалдық түрақтылығын камтамасыз ету, түрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау жөніндегі шаралар кешенін колдауды қажет деп санайды. Біздің қалада 154 мыңнан астам халық тұрады.Жергілікті атқарушы органдардағы түрғын үй алу кезегінде түратындар саны -4245, оның ішінде көп балалы отбасылар -225. Шешу жолдары: Жаңаөзен қаласындағы 40 ескі коп қабатты үйлерді, оның ішінде :,,Шанырақ’’ ш/ауданындағы 31 үйді , ,,Теміржолвокзалы’’ маңындағы 9 үйді бүзып, орнына 1720 пәтерлі замануи 24 жаңа көп қабатты тұрғын үйлерді(жалпы ауданы 96,4 мың м/кв жәке инвестордарға жеручаскелерін беру жолымен) салуға. ,,5-10-20’’ бағдарламасы бойынша кредіттік түрғын үймен камтамасыз ету жөніндегі жобаны одан әрі іске асыруға ; Көп пәтірлі түрғын үй күрылысы ауд…

4
3
487