Мазмұнға өту

Жаңа

Кездесу өтті

"Nur Otan" партиясының үгіт насихат жұмыстарын жалғастыру мақсатында Сырым аудандық штап мүшелері кандидаттыққа үміткер Даргужиев Талғат, Ойшыбаева Айнагүл және облыстық маслихатқа үміткер Нурмуханов Ғаниматтың сенім білдірген өкілі ардагер ұстаз Батыршин Ахмет аудандық колледждің ұжымымен кездесіп қайтты. Сайлаудағы өзгешеліктер мен бағдарламалардың орындалу барысын жіті түсіндіріп өтті. Колледждің басшысы Санат Дәленұлы келген қонақтарына өз алғысын білдіріп, ұжымының сайлауға бір кісідей қатысатынына сенім білдірді. Колледждегі педагогтардың қозғап жүрген жатақхана мәселесінің оң шешімін табуға сәтін салсын деп тілейміз.

0
0
116

Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырдым.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Қарақия аудандық филиал ғимаратында "Тұрғын үй- коммуналдық щаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметкерлерімен кездесу өткіздім.Кездесу барысында қызметкерлердің мәселелерін тыңдап, партияның сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, алдағы 10 қаңтар күні өтетін сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырдым.

0
0
123

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Алишер Манликов қала тұрғындарымен жүздесті

«Есіктен есікке» акциясы аясында Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Алишер Манликов қала тұрғындарымен жүздесті. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында бағдарлама басымдықтары, алдағы мақсат-міндеттер мен жоспарлар жөнінде мәлімет берді. «Біздің партия Талдықорған қаласы тұрғындарының үмітін қанағаттандыру, халықтың барлық топтарының мүдделерін ескеру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Біздің бағдарламамыз Талдықорған қаласын дамытуға бағытталған. Біз қаламызды өмір сүру үшін қолайлы аймаққа айналдыратын нақты шараларды ұсынамыз. Мұндағы әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруі, жан-жақты дамуы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын әл-ауқат қоғамын бірге құрамыз»-деп елімізде төтенше жағдай…

0
0
625

Сенім білдірген өкілім Самат Убанов офлайн қабылдау өткізді

Арнайы өтініштерімен келген азаматтардың ішінде көп балалы аналар да болды.

Жолсариева Алтын зейнеткерлікке жақындап келе жатқан көп балалы ана. Жолдасы өмірден өтсе де, өмірдің қиындығын жеңе біліп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып жатқан жағдайы бар.

Көп балалы жас ана Кубиева Ажаргүл де қабылдауға келді. Балалары әлі мектеп жасында.

NurOtan партиясының бағдарламасын қолдайтынын және алдағы уақытта оң шешімін табатынына үлкен сенім білдіретіндіктерін айтып өтті.

Сонымен қатар ұсыныстарын да жасырмады:

- газға, электр энергиясына төлейтін төлемдердің бағасын жеңілдетсе;

- барлық аналарға да жәрдемақылар берілсе;

- Өңірлерде азық-түлік бағасы, жол ақысы қадағаланып отырса және негізсіз қымбаттауына жол бермеу;

0
0
123

Аудандық кәсіпкерлік палатасы қызметкерімен кездесуі

Кездесуде сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ұсыныс-пікірлерін қабылдады.Басқосу барысында партия өкілдерді кәсіпкерлерге сайлау науқанының маңыздылығын түсіндіріп, белсенділік танытуға шақырды.Баршаңызды 10 қаңтар күні Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамыз!

#NurOtan #NurOtanДауысБер#BizBirgemiz

0
0
145

«Есіктен-есікке» акциясы жалғасуда

«Есіктен-есікке» акциясы жалғасуда.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Н. Джанталиев қала тұрғындарымен кездесіп, «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

0
0
128

Онлайн қабылдау өтті

Қабылдауда айтылған мәселелер мен ұсыныстарды былайша түйіндедім:

- Білім мекемелерін заманауи жаңа технологиялармен толық қамтамасыз ету;

- кейбір мектептердегі оқушыларды аудан орталықтарындағы шараларға жеткізу, яғни, көлік мәселесі;

- ауыл іргелеріндегі өзен , көлдің экологиялық жағдайы;

- мәдениет үйлері мен ауылдық амбулаториялық мекемелердің жағдайына көбірек көңіл бөлу т.б

Сонымен қатар, NurOtan партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып өттім. Жоғарыда көтерілген мәселелер басты партияның басты назарынан қалмайтынын айтып өттім.

0
0
135

Үгіт-насихатшылар "Казтрансгазаймақ" қызметкерлерімен кездесті

Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді «Covid-19» вирусына байланысты ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болдыОсы сын-қатерлі кезеңде Елбасының бастамасымен өткен «Biz Birgemiz» акциясы аясында Маңғыстау ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 400-астам отбасыға азық-түлік жиынтықтырын жеткізді, 918 мұқтаж адам 50 мың теңгеден алды.«Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау. Бұл орайда ауданда ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін дамыту, кәсіпкерлерге қолдау, жолдардың сапасын жақсарту, халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, тұрғын үйге қолжетімділік, медициналық қызмет…

0
0
165

Үміткерлердің ауыл тұрғындары мен кездесуі

#𝐄𝐤𝐬𝐩𝐫𝐨𝐦𝐭𝐊𝐞𝐳𝐝𝐞𝐬𝐲

Баршаңызға белгілі сайлау күні әне-міне дегенше жақындап келеді. Депутаттыққа үміткер кандидаттар бар күш-жігерін, білім-біліктіліктерін елге арнауға дайын екендіктерін көрсетіп бағуда. Көпшіліктің сенімінен шығу оңай шаруа емес, әйтсе де халықтың сенімін ақтау үшін барын салуда.

Бүгін «Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Мусирбаев Самат, Иманбаев Айдос және Алдибеков Ардақ ауыл тұрғындарымен кездесті. Халықпен кездесу барысында кандидаттар партияның алға қойған басым бағытарын тілге тиек етіп, алдағы келе жатқан сайлауда «Nur Otan» партиясына үлкен үміт артып, дауыс беруге шақырды.

#Raimbek𝓝𝓾𝓻𝓞𝓽𝓪𝓷

0
0
125