"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" акциясын Райымбек аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ләйлә Жұмабекқызы өткізді
Кезекті "ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" акциясын Райымбек аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ләйлә Жұмабекқызы өткізді. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында "Nur Otan" партиясының алға қойған мақсаттары, жоспар бойынша жүргізіліп жатқан істерімен таныстырды. Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламасынан хабардар етіп, тұрғындардың да сұрақтарына жауап берді.
