Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
Ауылының бүгіні мен ертеңіне алаңдап, таңының тыныш атып, күндерінің жақсылыққа толы болуына тілеулес болып, келелі ой түзіп, кемел ақыл қосып отыратын ауыл азаматтары әр елді мекенде бар. Осындай азаматтармен кездесу бүгін Сарыжаз, Көмірші, Ақбейіт ауылы тұрғындарымен кездесу, бұл кездесудің орны тіпті бөлек. Туған жерінің әр тасының қыр-сырына қанық ауыл азаматтары жылт еткен әр жақсылыққа тәуба келтіріп, шүкіршілік етеді, ауылдың маңызды мәселелерін көтеріп ортаға ой салған ашық әңгіме өрбіді.
Осындай көзі ашық ауыл азаматтарына алдағы сайлау бағдарламасы төңірегінде пікірлесе барған Райымбек ауданы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлердің бір тобы, Арипова Гулнара, Раева Бақыт, Қойлыбаев Бек, Алдибеков Ардақ, Шымырбаев Нартай, Анкежанова Айгул, Мусирбаев Самат, Шорманов Мурат, Иманбаев Айдос осы кездесуге айтылған әңгімесіне разы болып қайтты.
-Елге керегі ең алдымен тыныштық қой, әр күнің береке-бірлікке, көңіл толар тірлікпен басталып атса, ауыл-аймағыңның амандығын біліп оянсаң одан артық не керек. Қазір ауылда бәрі бар.
Осының бәрі кезінде ата-бабаларымыздың көрген бейнеттің қайтарымы емес пе?
Мынау партияның ауыл-аймақты дамытуға арналған 7 басым бағытындағы-ауданымызды жайлы, мал шаруашылығын өрістету, жұмыссыздар санын азайту үшін кәсіпкерлікті дамыту, жерді жұмыс істейтін адамдарға беру тағы да басқа бағыттарыда ауылазаматтарының көңілінен шықты.
Ендеше ертеңіне екшелей көз жіберіп, тәуелсіз елдің тегеурінді тірліктеріне қолдау көрсетсек қана бірлігіміз жарасқан ел боларымыз сөзсіз.
