Мазмұнға өту

Жаңа

«ZOOM» платформасы арқылы онлайн үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Кездесуге аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Д.Нақысбеков, Е.Константинова, Б.Сүнбеков және А.Есмаханова және денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен насихатталып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

0
0
186

Дальнее БПҰ мүшелерімен кездесу

«Nur Otan» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Бекболат Тілеухан Қанайұлы Осакаров ауданының тұрғындары, "Дальнее" БПҰ мүшелерімен онлайн режимінде кездесу өткізді. Бұл кездесудің басты мақсаты - партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру. Бекболат Қанайұлы кездесулер қатысушыларды 10 қаңтар күні "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды. Осакаров ауданы - ауылшаруашылық аймағы. Осы ерекшелікті ескере отырып, Бекболат Қанайұлы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы айтты.Құрметті Осакаров ауданының тұрғындары, бізді үлкен өзгерістер күтіп тұр, біз заман ағымына ілесіп, өз мақсатымызға қарай ұмтылуымыз керек. Мақсаттар…

0
0
124

Аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар Қайыңды ауылында болып, сайлаушылармен кездесті.

"Nur Otan"партиясы аудандық сайлауалды штабының үгіт - насихат жұмыстары күн өткен сайын қарқынды өтуде. Кандидаттар сайлауалды бағдарламаның маңызы мен ертеңгі күні ел игілігі үшін жасалатын игі істерді тұрғындарға тынымсыз түсіндіруде. Осы мақсатта аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар А.Қасеналиева, Ш.Бабашева , Ш.Дайрабаева, А.Баймуратова, Н.Беркимбаев,С.Бисембаев, Э.Закимбаева Қайыңды ауылында болып, сайлаушылармен кездесті. Іс шара барысында партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын егжей - тегжейлі түсіндірді. Əлеуметтік мəселеге жете мəн берілгені, ауылдарды дамыту мақсатында атқарылатын істерге тоқталды. Ауыл тұрғындары кандидаттарға бірнеше сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Тұрғындар тарапынан айтылған кейбір ұсыныстарын келешекте назарға алынатынын да айтты…

0
0
139