Мазмұнға өту

Жаңа

«Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы

2020 жылдың 22 – шы желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері, аудандық, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер және олардың сенімді өкілдері Науалы ауылдық округінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспарлары талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде ауданның дамуы жайында бірнеше ұтымды ұсыныстар айтты. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.

17
0
215

Оразғали Өтеулиевпен кездесу

Оразғали Өтеулиев - өлкемізге белгілі ақсақал, ардақты ұстаз, ауылдас аға, әкемнің көзін көрген қадірлі жан.Сәлем беріп, хал сұрасып, көптен көрмеген жақсы ағаммен әңгімелесіп қайттым. Өмір бойы мектеп директоры болып бүгінде зейнет жасына жетіп, немерелердің қызығына шомылып отырған ағамыздың әңгімесі шұрайлы."Самат інім, өмірді ерте көрген баласың ғой. Мұғалімнің басынан не өтпеді? Құрметті кезін де, ашқұрсақ абыройсыз кезін де көрдік. Бүгінгі жағдай мұғалімнің басында бұрын соң болған емес. Осы үйде де біреуі бар, екі жүз мыңнан асырып айлық алады.Мұғалімнің абыройын көтерген Үкімет пен партияны жамандай алмаймын. Қарсы да шықпаймын. Керісінше, ағайын-бауыр, дос-туыстыNur Otan-ға дауыс беруге шақырамын" деп ақсақалдық әңгімесін айтты.Орекеңнің бұлай айтарына күмән болмаған еді. Десек т…

0
0
212

Үміткерлер «ЭКСПРОМТ» кездесу өткізді.

«Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мұстафаева Қаншагүл, Бекмолдаева Гүлнар, Ильясов Дархан, Садықов Талғат, Нәрікбаев Мұрат, Қожанияз Алпамыс, Серәлі Нарботалар кент орталығында орналасқан «Рита» сауда дүкенінінде «Экспромт» кездесу өткізді. Партияның 5 жыл бедерінде атқарылатын жұмыстарды насихаттау мақсатында жүрген үміткерлер, бағдарламада көзделген жағымды жаңалықтар бөлісті. Үміткерлер 2021 жылдың 10 қаңтарында болатын сайлауға белсенді қатысып, таңдау жасауда жаңылмауға шақырды.

#NurOtan

#NurOtanQyzylorda

#NurOtanJalagash

#NurOtanДауысБер

#ГолосуйЗаNurOtan

#BIZBIRGEMIZ

0
0
209

Ақтаудағы қоғамдық қабылдау

Неке сарайында орналасқан партияның қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдадым:

1. Адайбек Төкешов, Баянды ауылының тұрғыны, жұмыс мәселесі;

2. Қанатова Базаргүл, Батыр аулы, үй кезегінің мәселесі;

3. Құлшықов Өтеміс, Жаңаөзен қаласы, Ұлттық қол өнер бұйымдарын жасауға инвестиция іздеу;

4. Абдиров Юсуп, Ақтау қаласы, бизнес ашуға жер мәселесі;

5. Аланова Мәдина, Батыр аулы, тұрғын үй салуға көмек;

6. Ырзабекова Айсұлу, Ақтау қаласы, көпбалалы ана, ДЦП баласының еміне көмек мәселесі.

Барлық келген азаматтарға тиісті кеңестер берілді, кейбір мәселелер бойынша жергілікті әкімдіктерден тиісті жауаптар алынатыны айтылды.

Nur Otan

Nur Otan Маңғыстау облысы

Nur Otan Aktau

#edilzhangbyrshin

0
0
180

Газ мәселесі реттелді

Ұзын-сонар кезек жойылды. Жағдайдың реттелгеніне толық көз жеткізу мақсатында "Nur Otan” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы қала мен оған іргелес орналасқан елдімекендерді аралап, газ құю бекеттерін шолып шықты.

⁃ Облыста соңғы күндері орын алған жағдайға байланысты "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалы шұғыл түрде әрекет етті. Жергілікті билік өкілдерімен, сонымен қатар Партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысын өткізіп, мәселені шешу жолдарын қарастырдық. Жауапты басқарма басшысына нақты тапсырма берілді. Бүгін жағдай реттелгенін байқауға болады. Бақылауда ұстаймыз, - дейді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов

0
0
128

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!»

«Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мұстафаева Қаншагүл, Бекмолдаева Гүлнар, Ильясов Дархан, Садықов Талғат, Нәрікбаев Мұрат, Қожанияз Алпамыс, Серәлі Нарботалар Жалағаш кені орталығындағы «Бибігүл Ана» сауда үйінде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тосыннан кездесу барысында үміткерлер 2021 жылы 10 қаңтарда болатын партиялар арасындағы аламанда 20 жылдан аса тарихы бар, тұрақты жұмыс жасап келе жатқан, өзіндік орны бар «Nur Otan» партиясын қолдауға насихаттады.

#NurOtan

#NurOtanQyzylorda

#NurOtanJalagash

#NurOtanДауысБер

#ГолосуйЗаNurOtan

#BIZBIRGEMIZ

0
0
176

«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-жұмыстары жалғасуда.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-жұмыстары жалғасуда.Бүгін Алматы облыстық маслихат депутаттығына үміткерлер Алиев Нурбол және Райымбек аудандық маслихат депутаттығына үміткер Жұмақанов Ербол, Шәкенов Нұрбақыт кездесу өткізді.Канвассинг, яғни сайлаушылардың үйіне арнайы бару шарасы аясында Райымбек ауданының құрыметті азаматтары Ахметов Қанат, Абиров Медетхан, Нурдаулетов Мәдени, Кенебаева Биханның үйлеріне барды.⠀Кездесу кезінде «Nur Otan» бағдарламасымен таныстырып, түсіндіріп берді.⠀Ардагерлеріміз өте салиқалы әңгімесін айтып, партиямызға деген үлкен сенім артатынын жеткізді.⠀Сонымен бірге, жылы лебізі мен ізгі тілектерін айтты.⠀Айта кету керек, бұл кісілер ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген, әр-қашанда белсенді атсалысатын құрыметті азаматтар. Райымбек ауданының дамуына үлес…

0
0
136

үміткер Жумаханов Ербол онлайн қабылдау өткізді

Бүгін Райымбек аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаттығына

үміткер Жумаханов Ербол онлайн қабылдау өткізіп, қабылдау барысында партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, сайлаушылардың өтінішіне құлақ түрді.

0
0
129

Бүгін «Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тізімге енген аудандық маслихатқа кандидаттар А.Ибраева, Р.Есхожаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Тұрғындар тұрғын үй, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және т.б. мәселелермен қайырылды. Барлығына түсініктемелер беріліп, ұсыныс-тілектері қабылданды.

0
0
176