"Есіктен-есікке" акциясы
Жетібай ауылы тұрғындары Nur Otan сайлауалды бағдарламасымен таныстырылды.
#ДауысБер

Жетібай ауылы тұрғындары Nur Otan сайлауалды бағдарламасымен таныстырылды.
#ДауысБер

#𝐊𝐚𝐧𝐯𝐚𝐬𝐬𝐢𝐧𝐠
Райымбек облыстық және аудандық маслихат депутаттығына үміткер кандидаттар ауданымыздың беделді азаматтарының үйлеріне барып кездесу өткізді. Бұл кісілер еңбек ардагерлері ауылдың, ауданымыздың құрыметті азаматтары, ұзақ жылдар ұлағатты ұстаз болған азаматтардың шаңырағына арнайы барып канвассинг кездесу өткізді.
Үміткер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ақсақалдарды алдағы жылы өтетін сайлауда еліміздегі беделді “Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.
Қарияларымыз өз тараптарынан алғысын білдіріп, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген азаматтарға алғысын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін азаматтарды таңдайтынын айтты.
#Raimbek𝓝𝓾𝓻𝓞𝓽𝓪𝓷
Үміткер жастарды жалындауға үндедіӨңірдегі жастардың белсенділігі көз қуантады. Әр салада олардың алар өз биігі бар. «Жас келсе іске» деген. Ел президенті жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып…
Медицина өрісі кеңейе түспек2020 жыл әлем үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирустық пандемия адамзат өмірін, тіршіліктегі басымдықтарды өзгертіп, көптеген жағдайятқа басқаша қарауға мәжбүр етті. Қоғам басты құндылық адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсінді. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Осы орайда "Nur Otan" партиясының атынан Облыстық маслихат депутаттығына үміткер Нұрбол Әлиев денсаулық сақтау қызметкерлерімен әлеуметтік желіде кездесіп, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» - атаулы партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.Келелі кездесу барысында денсаулық сақтау қы…
«Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібіндегі әлеметтік желілерде тұрғындар тарапынан жарияланған проблемалық сұрақтар мен шағымдар болды. Аталған мәселелер мен шағымдар бойынша арнайы топ құрылып, мониториг жұмыстарын жүргізді.

"Nur Otan" партиясы Райымбек аудандық филиалы "мен партияға қосыламын" атты челенджін қолдап партия қатарына аудан жастарын партия қатарына қабылдады.
«Есіктен-есікке» акциясы
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ең жас үміткеріміз Абай Сырымбет және ерікті жастарымыз Нарынқол ауылының тұрғындарымен кездесіп, «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында үміткер «Nur Otan» партиясы осы жолы әр аймаққа өзіндік нақты сайлауалды бағдарлама құрылғанын айтып, ауданның бағдарламасымен жан-жақты таныстырды.
Партияның қолға алған әр ісі халықтың әл-аухатын көтеру үшін жасалып жатқанын айтты.
Ауыл тұрғындарын 2021 жылдың 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысып, көшбасшы партияға дауыс беруге шақырды.
#NurOtan
#Алматыоблысы
#NurOtan2021
#Сайлау2021
#JenimpazBol
Бүгін "Nur Otan" партиясы Райымбек аудандық сайлауалды штабында облыстық мәслихатқа депутаттыққа үміткер Нұрбол Әлиев аудан жастарымен онлайн кездесу өткізді. Кездесуде
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының шеңберінде аудан жастарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, жас буынның тілектері мен өтініштеріне назарға алынды.
Ендігі жерде аудан жастары мемлекеттік бағдарламардың мүмкіндіктерін мүлт жібермей, еңбек етіп, саналы ұрпақ өсіріп, ел бірлігін сақтайтын тірлік етулері керек екенін тілге тиек еткен Н.Алиев жастарды еліміздегі басты көшбасшы партия «Nur Otan» ның халық үшін жасап жатқан жұмыстарына қолдау танытып, жүзеге асыруға өз үлестерін қосып, сенім білдіруге шақырды
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Еділ Жаңбыршин, қалалық депутатыққа үміткерлер Гани Абдисадыков жәнеЕрген Сыражан "Мұнайшы" спорт кешенінде "Каспий" футбол клубы ұжымымен кездесті. Шара барысында спортшыларға Nur Otan партиясының болашаққа арналған бағыт-бағдарын баяндап, қойылған сұрақтарға жауап берді.Сондай-ақ, өңірдегі спорт саласына қатысты жүзеге асатын жұмыстарды талқылады.

