Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оразғали Өтеулиевпен кездесу

Оразғали Өтеулиев - өлкемізге белгілі ақсақал, ардақты ұстаз, ауылдас аға, әкемнің көзін көрген қадірлі жан.

Сәлем беріп, хал сұрасып, көптен көрмеген жақсы ағаммен әңгімелесіп қайттым. Өмір бойы мектеп директоры болып бүгінде зейнет жасына жетіп, немерелердің қызығына шомылып отырған ағамыздың әңгімесі шұрайлы.

"Самат інім, өмірді ерте көрген баласың ғой. Мұғалімнің басынан не өтпеді? Құрметті кезін де, ашқұрсақ абыройсыз кезін де көрдік. Бүгінгі жағдай мұғалімнің басында бұрын соң болған емес. Осы үйде де біреуі бар, екі жүз мыңнан асырып айлық алады.

Мұғалімнің абыройын көтерген Үкімет пен партияны жамандай алмаймын. Қарсы да шықпаймын. Керісінше, ағайын-бауыр, дос-туыстыNur Otan-ға дауыс беруге шақырамын" деп ақсақалдық әңгімесін айтты.

Орекеңнің бұлай айтарына күмән болмаған еді. Десек те, ісімді құптап, қадамыма сәт тілеген соң одан сайын жадырап қалдым.

Ақсақалдарымыз аман болсын!

#NurOtan

#ЕлІшінде

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
182

Осы тақырып бойынша

Оразғали Өтеулиевпен кездесу - Yvision.kz