Жаңа
«Маңғыстау Темір Жолы» ҰК» АҚ ұжымымен кездесу
«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт насихат жұмыстары жалғасуда. Бүгін "Nur Otan" партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қилыбаев Игілік, Тамара Асар бастаған жұмыс тобы, Мұнайлы ауданы Баянды ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік мәселелер төңірегінде ұсыныстарын тыңдап қайтты.
Аталмыш кездесуден кейін республикалық штаб мүшелері «Маңғыстау Темір Жолы» ҰК» АҚ ұжымымен кездесіп, теміржол саласындағы қолдаушыларын партияға дауыс беруге шақырып сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті.



Бүгін Көксу ауданы «Nur Otan» партиясының желілік кестесіне сәйкес
Үгіт-насихат жұмыстары Балпық ауылдық округіне қарасты Теректі ауылының медициналық пуктінде өткізілді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы жайлы айтылды. Сонымен қатар партияның алдағы 5 жылға дайындалып жасалған үнпарақтары таратылды. Жүздесудің соңында штаб мүшелері сайлаушыларды 10 желтоқсан күні болатын сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Колледж ұстаздарымен кездесу
Бүгін Маңғыстау аудандық Нұротан партиясы
Бүгін Маңғыстау аудандық Нұротан партиясының орталығында, аудан әкімінің орынбасары, аудандық маслихаттың депутаттары және Нұротан партиясының қатысуымен “Каспий ”ӘКК”АҚ арнайы жиын ұйымдастырды.
"Есіктен есікке" акциясы жалғасуда
Аудан мәслихат депутаттығына кандидат Ахмедов Абылайхан Сандыбаевич үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Олар Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында үйлерді аралап, халыққа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды.
Халықты құлақтандыру жұмысы одан әрі жалғасын табады.
Кездесуде тұрғындар тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз ету, жылу және ыстық су мәселесіне қатысты сұрақтар көтеріліп, тиісті жауаптар берілді.
Өз кезегінде, тұрғындар Партияға деген шынайы қолдауын білдіріп, сайлауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге тілектестігін білдірді.
Ерікті жастар үгіт насихат үнқағаздарын таратты.
#NurOtan
#JenimpazBol
#BizBirgemiz
#Tanday2021

