Бүгін Көксу ауданы «Nur Otan» партиясының желілік кестесіне сәйкес
Үгіт-насихат жұмыстары Балпық ауылдық округіне қарасты Теректі ауылының медициналық пуктінде өткізілді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы жайлы айтылды. Сонымен қатар партияның алдағы 5 жылға дайындалып жасалған үнпарақтары таратылды. Жүздесудің соңында штаб мүшелері сайлаушыларды 10 желтоқсан күні болатын сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
