Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат «Казцентрэлектропровод» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.
2020 жылы 30 желтоқсанда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Өтеубаев Талғат Бабашұлы, қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы, Тәжібаева Нұргүл Сәбитқызы, Шаяхметов Қайрат Үлгіліұлы «Казцентрэлектропровод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесу өткізді.Талғат Бабашұлы іс-шараға қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен және оның негізгі бағыттарымен таныстырды. Нұргүл Сәбитққызы Саран қаласы бойынша сайлауалды бағдарламаның басымдықтарына тоқталса, Өміржан Зейнешұлы бағдарламаның «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар» бағытын түсіндірді, Қайрат Үлгіліұлы «Қауіпсіз қала» бағыты туралы әңгімеледі.Сөз сөйлеген әр кандидат «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы…