Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Мағаш"базарында насихат жұмыстары

"Мағаш"базарға барып, ел-жұртпен етене араласқан сенімді өкілдерім базарда жүрген жұрттың бәрін сайлауға шақырыпты. Насихат жүргізіпті, Nur Otan партиясына дауыс беруге үндепті.

Сенімді өкілім Айберген Камиль есімді азаматпен танысыпты. "362 Grand Father" брендімен компания ашып, шетелден кәстүм-шалбарды тіктіріп, Ақтауға жеткізіп жатыр екен. Камильдің арманы - осы кәстүм-шалбарды Ақтауда тігіп, жергілікті өнім етіп нарыққа шығару!!!

Сенімді өкілім Камильге "теңіз порты еркін экономикалық аймағынан" жер алып, өнідіріс орнын ашуға болатынын айтыпты. Ол аумақта газ, жол, жылу тартылған. Тіпті, шеттен әкелінетін шикізатқа да кеден салығы аз мөлшерде. Камиль бұл жаңалыққа қуанып кетіпті.

"Сары базардан" классика алатын бүкіл еркектерді Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамын. Өзім сайлауға ең бірінші барып дауыс берем" деп мәз болып тұр Камекең📷

Насихат жұмыстарын күшейтіп,Nur Otan партиясының жетістіктері мен жеңістерін жұртқа жая түсетін боламыз!10 қаңтар күні өтетін дода да жақын қалды.

#NurOtan

#ЕлІшінде

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
112

Осы тақырып бойынша

"Мағаш"базарында насихат жұмыстары - Yvision.kz