Мазмұнға өту

Жаңа

Жармыш ауылының ардагер ұстазы Алдақова Қымбат Досжанқызына Сәуле Бусахановамен бірге барып кездесіп

Жармыш ауылының ардагер ұстазы Алдақова Қымбат Досжанқызына Сәуле Бусахановамен бірге барып кездесіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырдым және алдағы сайлау науқанына шақырдым. Қымбат апай елдің жағдайын айта келе, ауылға жоғары білімді дәрігер керектігін, аналар кеңесінің жұмысын жандандыру, болашақта ауыл әкімінің жергілікті жердің тумасы болғанын қалайтынын айтып өтіп, алдағы сайлауға сәттілік тіледі.

0
0
152

21 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Жыңғылды ауылы тұрғындарымен кездесу

21 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Жыңғылды ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Ауылда атқарылған жұмыстар легін баяндадық. Ауыл тұрғындары белсенділік танытып ауылды дамытуда өз ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қойды. Ауылдың төменгі бөліктерінде интернет желісінің әлсіз екені, ауылдағы паркті көгалдандырып демалыс орындарын ашу,жабдықталған балалар ойын алаңы керектігін талқыладық. Кандидаттар сұрақтармен ұсыныстардың барлығы қаперге алынатындығын білдіріп, 2021 жылы 10 қаңтардағы сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
183

"Nur Otan" партияcының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру

Облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлердің "Nur Otan" партияcының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында ауданның мүмкіндігі шектеулі жандарымен үгіт-насихат кездесуі болып өтті. Онлайн кездесу Zoom платформасы арқылы өтіп, тұрғындардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріліп, үміткерлер тарапынан сайлауалды бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шаралар мен жобаларға тоқталып, толығырақ түсіндіріп өтті.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

NUR OTAN-ға ДАУЫС БЕР!

ГОЛОСУЙ за Nur Otan!

0
0
155

«Есіктен есікке» акциясы

"Nur Otan" партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Біләлов Берік Жарылғапұлы «Есіктен есікке» акциясы аясында Мұнайлы ауданына қарасты Дәулет ауылында тұрғындармен кездесу өткізді.

Шараға "Jas Otan" жастар қанатының еріктілері қатысты. Халық нұротандықтарды жылы қабылдап, ауылдағы түйткілді мәселелермен бөлісті.

«Бүгінгі елдің жетістігі - сол елмен бірге жасап келе жатқан партияның жетістігі. Біз бірге болсақ, алға қойған басым міндеттерді орындаймыз. 10-қаңтарда Nur Otan-ға дауыс беруге шақырамын», - деді үміткер Берік Жарылғапұлы.

#NurOtan

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

0
0
132

"Мен "Nur Otan" партиясына дауыс беремін" онлайн челендж аясында ZOOM платформасымен онлайн кездесу

Қарағанды облыстық маслихатына үміткер Мағзұмов Арыстан Ғазизұлы Приозерск қаласының тұрғындарымен

"Мен " Nur Otan" партиясына дауыс беремін" онлайн челендж аясында ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді.

Үміткер қала тұрғындарымен танысып, “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын Приозерск қаласының тұрғындарына насихаттады.

Кездесу барысында қала тұрғындары денсаулық сақтау мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Сұрақтар бойынша толық түсіндірілді.

📷Баршаңызды “NUR OTAN» партиясына 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырамыз.

БІЗ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz

0
0
282