Жаңа
"Қаратал Су құбыры" ЖШС-нің еңбек ұжымымен онлайн үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
"Қаратал Су құбыры" ЖШС-нің еңбек ұжымымен онлайн үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
Малкелді ауылдық округінде денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу
Nur Otan партиясы атынан Аягөз аудандық мәслихатқа үсынылған кандидат Марат Нургалиев Малкелді ауылдық округінде денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесіп , үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, дәрігерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

"Есіктен есікке" акциясын жандандырып, өз сайлауалды бағдарламалары мен алдағы жоспарларымен бөлісті
«Есіктен-есікке» акциясы жалғасуда
«Есіктен-есікке» акциясы аясында Nur Otan партиясы атынан облыстық мәслихатқа үсынылған кандидат Қанат Оспанов Аягөз қаласының тұрғындармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
«Есіктен-есікке» акциясы
«Есіктен-есікке» акциясы аясында Nur Otan партиясы атынан Аягөз аудандық мәслихатқа үсынылған кандидат Айтқали Ақбаев тұрғындармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Құрметті аудан тұрғындары!Қадірлі жерлестер!
2020 жылы бәріміз үшін өте ауыр жыл болды. Бір жағынан жаһандық пандемия алқымымыздан алса, екінші жағынан ауданымызда орын алған Төтенше жағдай 5 ауылдың тұрғындарын үйсіз-күйсіз қалдырды. Дегенмен, халқымыздың бірлігінің арқасында біз топан судың зардабын жеңдік.
Қадірлі, жерлестер!
Босағамыздан аттағалы тұрған 2021 жылы бәріміз үшін тыныштықтың, берекенің жылы болсын. Ешбіріңіз ауырмаңыздар. Пандемия, карантиннен арылатын жыл болсын деп тілеймін.
Сіздерді жаңа жылмен шын жүрегіммен құттықтаймын!
Ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!
Жаңа Жыл құтты болсын!
Адам баласы жаңа Жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа Жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, Сіздерге алдағы Жылда, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілеймін. Өткенге риза болып, жаңа Жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа Жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!
#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#JenimpazBol#NurOtangaДауысБер#біздіңкандидаттар
Құрметті отандастар!Ардақты ағайын!Міне, тағы бір жылды артқа тастап, келесі 2021 жылға аяқ басқалы отырмыз. Біз қашанда өткенге салауат айтып, жарқын болашақтан жақсы үміт күткен халықпыз.Мойындауымыз керек, 2020 жыл өте қиын жыл болды. Дегенмен, оған өкпеміз болмауы тиіс. Тышқан жылы денсаулықтың қадірін түсіндірді. Көптеген адамға уақытын отбасымен өткізуді үйретті. «Басты байлық – денсаулық» деген бабалар аманатын басшылыққа алып, денсаулық сақтау саласын көптеген өзгерістер болды.Қандай қиындық болмасын «Біз біргеміз!» деген ұранмен бәріміз татулықты ту етіп, ынтымағы жарасқан сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында бәрін жеңіп келеміз.Үлкен-кішіге бірдей айтылатын осы сөз арқылы ақ ниетпен өткен жылды шығарып салып, ақ тілекпен жаңа жылды қарсы алуға ақ дастарқан басына жиналған ағ…