Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#JenimpazBol#NurOtangaДауысБер#біздіңкандидаттар

Құрметті отандастар!

Ардақты ағайын!

Міне, тағы бір жылды артқа тастап, келесі 2021 жылға аяқ басқалы отырмыз. Біз қашанда өткенге салауат айтып, жарқын болашақтан жақсы үміт күткен халықпыз.

Мойындауымыз керек, 2020 жыл өте қиын жыл болды. Дегенмен, оған өкпеміз болмауы тиіс. Тышқан жылы денсаулықтың қадірін түсіндірді. Көптеген адамға уақытын отбасымен өткізуді үйретті. «Басты байлық – денсаулық» деген бабалар аманатын басшылыққа алып, денсаулық сақтау саласын көптеген өзгерістер болды.

Қандай қиындық болмасын «Біз біргеміз!» деген ұранмен бәріміз татулықты ту етіп, ынтымағы жарасқан сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында бәрін жеңіп келеміз.

Үлкен-кішіге бірдей айтылатын осы сөз арқылы ақ ниетпен өткен жылды шығарып салып, ақ тілекпен жаңа жылды қарсы алуға ақ дастарқан басына жиналған ағайынның әрқайсына – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық тілеймін!

Келер сиыр жылында ақ мол болып, береке-бірлігіміз арта берсін!

Қашанда ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жұмылатын қасиетімізден Алла айырмасын!

Жаңа жыл құтты болсын!

Ұлжанат Джұрымбетова,

«Атакент» аудандық ауруханасының

Бас дәрігері

0
0
134

Осы тақырып бойынша

#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#JenimpazBol#NurOtangaДауысБер#біздіңкандидаттар - Yvision.kz