Құрметті аудан тұрғындары!Қадірлі жерлестер!
2020 жылы бәріміз үшін өте ауыр жыл болды. Бір жағынан жаһандық пандемия алқымымыздан алса, екінші жағынан ауданымызда орын алған Төтенше жағдай 5 ауылдың тұрғындарын үйсіз-күйсіз қалдырды. Дегенмен, халқымыздың бірлігінің арқасында біз топан судың зардабын жеңдік.
Қадірлі, жерлестер!
Босағамыздан аттағалы тұрған 2021 жылы бәріміз үшін тыныштықтың, берекенің жылы болсын. Ешбіріңіз ауырмаңыздар. Пандемия, карантиннен арылатын жыл болсын деп тілеймін.
Сіздерді жаңа жылмен шын жүрегіммен құттықтаймын!
Ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!
