Мазмұнға өту

Жаңа

Ойла: Ұлы дала тұлғаларының даналық сөздері

Сіздердің назарларыңызға жаңа кітаптар топтамасынан ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ДАНАЛЫҚ СӨЗДЕРІ: Цитаталар жинағы, - деп аталатын кітаппен таныстырғым келіп отыр. Кітап Алматы қаласының «Ел-шежіре» коғамдық қоры баспасында, 2020 жылы шыққан. Таралымы 3000 дана.

Бұл кітапта көне заманнан қазіргі кезеңге дейінгі еліміздің аса белгілі тарихи тұлғаларының, оның ішінде ойшылдардың, би- шешендердің, ақын-жазушылардың, ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің еңбектерінен іріктелінген нақыл сөздер беріліп отыр.

Кітап әдебиеттанушыларға, мәдениеттанушыларға, журналистерге, саясаткерлерге, сондай-ақ қазақ мәдениеті мен тарихына үлкен қызығушылығы бар барша оқырман қауымға арналады.

0
0
432

Достық елді мекені тұрғындарымен кездесу

Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер Ержан Құдайберген Төлепұлы және Төлеби аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Қансеитов, Д.Омаров, Ғ.Нұрмаханова және Қ.Умирбеков Төлеби ауданы Достық елді мекені тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. «Nur Otan» партиясының алға қойған міндеттерін халыққа барынша таныстыруды мақсат еткен үміткерлер Достық ауылында жаңадан салынған баспаналарды аралады. Мұнда 2020 жылы көктемгі сел салдарынан апатты күйге түскен үйлер толық жаңадан салынған. Қираған 9 үйдің мүшелері жаңа қонысқа көшірілген.Төлеби ауданында нөсерлі жауын салдарынан жалпы апатты деп танылған 38 баспана толық сүріліп, қайта салынған болатын. Сел салдарынан жолдар мен көпірлер жарамсыз күйге түсіп, инфрақұрылым істен шыққан бол…

4
0
211