Мазмұнға өту

Жаңа

Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер Төлеби ауданында

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер Ержан Құдайберген Төлепұлы және Төлеби аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Қансеитов, Т.Тастанов, Ғ.Нұрмаханова, М.Турымбетов және Б.Турлыбеков Төлеби ауданы Ленгер қаласы Алатау мөлтек ауданында жергілікті тұрғындарымен кездесіп, қала - халқына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, алдағы 5 жылда жүзеге асатын жоба-жоспарларды түсіндірді.Кездесу барысында үміткерлер Мемлекеттің әлеуметтік саясатын күшейту мен экономикалық әл-ауқатын арттыруға және денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы саласының өркендеуі, ауыз су, газдандыру, жол салу бағытындағы алдағы 5 жылда атқарылар сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын да тілге тиек етті.Кандидаттар қала тұрғындарын «Nur Ota…

4
0
249

Ойла: Ұлы дала тұлғаларының даналық сөздері

Сіздердің назарларыңызға жаңа кітаптар топтамасынан ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ДАНАЛЫҚ СӨЗДЕРІ: Цитаталар жинағы, - деп аталатын кітаппен таныстырғым келіп отыр. Кітап Алматы қаласының «Ел-шежіре» коғамдық қоры баспасында, 2020 жылы шыққан. Таралымы 3000 дана.

Бұл кітапта көне заманнан қазіргі кезеңге дейінгі еліміздің аса белгілі тарихи тұлғаларының, оның ішінде ойшылдардың, би- шешендердің, ақын-жазушылардың, ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің еңбектерінен іріктелінген нақыл сөздер беріліп отыр.

Кітап әдебиеттанушыларға, мәдениеттанушыларға, журналистерге, саясаткерлерге, сондай-ақ қазақ мәдениеті мен тарихына үлкен қызығушылығы бар барша оқырман қауымға арналады.

0
0
431