Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер Төлеби ауданында
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер Ержан Құдайберген Төлепұлы және Төлеби аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Қансеитов, Т.Тастанов, Ғ.Нұрмаханова, М.Турымбетов және Б.Турлыбеков Төлеби ауданы Ленгер қаласы Алатау мөлтек ауданында жергілікті тұрғындарымен кездесіп, қала - халқына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, алдағы 5 жылда жүзеге асатын жоба-жоспарларды түсіндірді.

Кездесу барысында үміткерлер Мемлекеттің әлеуметтік саясатын күшейту мен экономикалық әл-ауқатын арттыруға және денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы саласының өркендеуі, ауыз су, газдандыру, жол салу бағытындағы алдағы 5 жылда атқарылар сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын да тілге тиек етті.
Кандидаттар қала тұрғындарын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды және кездесу барысында тұрғындар елдімекеннің дамуы, спорт алаңшаларын салу, үйірмелер ашу, ауыл шаруашылығын субсидиялау, ауыл ішілік жолдардың сапасын жақсарту сынды өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Өз кезегінде кандидаттар алдағы саяси науқанда «Nur Otan» партиясына барынша қолдау білдіріп, жерлестерін бірауыздан дауыс беруге шақырды.
