Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Есіктен-есікке акциясы!

Бүгін, 05 қаңтар 2021 жылы Теңге ауылы Қалнияз көшесінде облыстық мәслихатқа депутатыққа үміткер Союнов Нурбек сенімді өкілі Исаев Алмаспен, қалалық мәслихатқа кандидаттар Қаржаубайұлы Ибрахим , Акжігітов Шәріп «Есіктен- есікке» акциясын өткізді.

«Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді.

Кездесу кезінде тұрғындар тарапынан Теңге ауылы ішілік жолдарға жөндеу жүргізу, Теңге ауылының әкімдігіне жаңа ғимрат салу, бұрынғы ауыл көшелеріне берілген атауларды ауыстыру мәселелеріне қатысты өз аманаттарын жеткізді.

Жаңаөзен қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында жолдардың сапасын жақсарту мақсатында 2022 жылы Теңге ауылы бойынша 5,66 шақырым жол салу. Оның 26,21 – автожолды жөндеу жоспарлануда.

1
0
278

Осы тақырып бойынша

Есіктен-есікке акциясы! - Yvision.kz