Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сайлауға 5 күн қалды - үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті

Бүгін қаламыздың ең үлкен әрі әмбебап сауда орындарының бірі WATERFRONT сауда орталығында болып, дүкен ұжымы мен тұтынушыларына "Nur Otan" партиясының бағдарламасын насихаттадық. Тұтынушыларды бірме-бір әңгімеге тартып, өңірлік даму бағдарламасын түсіндіріп, алдағы бес жылға жоспарланған жұмыстарды талқыладық. Бұған қоса, дүкен қызметкерлері мен тұтынушылары тарапынан тұрмыс сапасын жақсарту, коммуналдық қызмет бағаларын қадағалау, қоғамдық көлік қатынасын реттеу сияқты мәселелер көтеріліп, олардың оң шешімінің табылуын Ақтау қалалық маслихатының депутаттығына үміткелер ретінде болашақ қызметімізге аманат еттік.

Nur Otan Маңғыстау облысы

Nur Otan Aktau

Ерген Сыражан

0
0
126

Осы тақырып бойынша

Сайлауға 5 күн қалды - үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті - Yvision.kz