Мазмұнға өту

Жаңа

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында кездесу

Бүгін "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары, мәдениет және құрылыс бөлімі мамандарымен кездесу өтті. Кездесуге Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Б.Жүсіпов, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Сарбалаев, А.Ордабаева, А.Жұмалиевтің сенімді өкілі О.Морханов қатысты. Жиында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партияның жетістіктерімен бөлісіп, халықтың тұрмысы, денсаулығы, білімі басты назарға алынғанын жеткізді. Сондай-ақ 10 қаңтарда өтетін сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды. Сонымен бірге Тиген, Тасмұрын ауылдарына газ құбырын тартуға конкурс жүргізілуде деген жағымды жаңалықпен бөлісті.

#Bizbirgemiz

#NurOtan

Үгіт-насихат жұмыстары

Бүгін сенімді өкілдерім Ақтау қаласындағы “Заман” сауда орталығына жиналған көпшілікпен экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындарға “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасы жазылған қағаздар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Саудагерлер өздерін толғандырған бірқатар мәселелерге тоқталыпты. Үгіт-насихат жұмыстарына риза екенін айтып, жеңіс тілеп жатқандар да бар. Алғысымызды айтып, сайлауға қатысуға шақырдық,- дейді сенімді өкілдерім.

Nur Otan - ға дауыс бер! Жеңімпаз бол!

#NurOtan

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
136