Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.
"Nur Otan" партиясының сенімді өкілі З. Сатекова Қызыларай ауылы тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты Ақтоғай ауданындағы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру. Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сенімді өкілі аудан дамуының жеті басымдығы туралы айтты. 2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық Пандемия біздің өмірімізді өзгертті, басымдықтарды өзгертті, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің мемлекетіміздің басты құндылығы-адам өмірі мен денсаулығы екенін тағы да дәлелдеді.
Қазақстан, әлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ карантин мен шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.
Осы сын-қатерлерге қарамастан, "Nur Otan" партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру үшін, біздің ауданымызды өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін барлық күш-жігерін салатын болады. Біз бұған қалай жетуге болатынын нақты білеміз!
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
ПОСТ С ФБ
