Мазмұнға өту

Жаңа

Қалалық сайлауалды штаб мүшелері "КЖСА" МКК еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесуде ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттығына үміткерOspan KazakhbayevСенімді Өкілі Әженов Мұрат, қалалық депутаттыққа үміткерлерЕрген Сыражан және Бердіқода Боранбаевтың сенімді өкілі Еркін Қайдаров қызметкерлерді Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасымен толығырақ таныстырып, ондағы басты бағыттарға тоқталып өтті.2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" бағдарламасы аясында өңірде бірқатар жобаларды қолға алуды жоспарланған. Соның ішінде, азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда. Ол үшін, партия алдағы 5 жылда 25 ауылда 620 шақырым болатын су құбырын, Кендірліден Жаңаөзен қаласына дейін сутаратқыштары бар су тұщыту зауытын, Форт- Шевченко қаласында теңіз суын тұщыту станциясын салуды жоспарлап от…

0
0
134

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында кездесу

Бүгін "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары, мәдениет және құрылыс бөлімі мамандарымен кездесу өтті. Кездесуге Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Б.Жүсіпов, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Сарбалаев, А.Ордабаева, А.Жұмалиевтің сенімді өкілі О.Морханов қатысты. Жиында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партияның жетістіктерімен бөлісіп, халықтың тұрмысы, денсаулығы, білімі басты назарға алынғанын жеткізді. Сондай-ақ 10 қаңтарда өтетін сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды. Сонымен бірге Тиген, Тасмұрын ауылдарына газ құбырын тартуға конкурс жүргізілуде деген жағымды жаңалықпен бөлісті.

#Bizbirgemiz

#NurOtan

Үгіт-насихат жұмыстары

Бүгін сенімді өкілдерім Ақтау қаласындағы “Заман” сауда орталығына жиналған көпшілікпен экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындарға “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасы жазылған қағаздар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Саудагерлер өздерін толғандырған бірқатар мәселелерге тоқталыпты. Үгіт-насихат жұмыстарына риза екенін айтып, жеңіс тілеп жатқандар да бар. Алғысымызды айтып, сайлауға қатысуға шақырдық,- дейді сенімді өкілдерім.

Nur Otan - ға дауыс бер! Жеңімпаз бол!

#NurOtan

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
134