Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмысы

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында облыстық мәслихат депутатына үміткерлер А.Өрісбаев, Р.Өтесбаева, И.Бимырзаев, А.Сапаров Ақтау қаласындағы орталық аурухана қызметкерлерімен кездесті.

2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есе өсіп, кем дегенде 550 000 теңге, ал орта медициналық персоналдың жалақысы кем дегенде 190 000 теңге болады.

Медициналық кадрларды оқыту халықаралық стандарттарына өтеді.

Әрбір өңір дәрі-дәрмектің, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтардың қажетті резервімен қамтамасыз етіледі.

Аудандық ауруханаларды қазіргі заманғы компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен, перзентханаларды қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылданады.

Облыстық мәслихат депутатына үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламамен таныстырды.

0
0
117

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмысы - Yvision.kz