Мазмұнға өту

Жаңа

"Бәйтерек" сауда орталығында болып, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Бүгін сенімді өкілім Ақтау қаласындағы 27 ш/а орналасқан "Бәйтерек" сауда орталығында болып, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын тұрғындар мен қала қонақтарына таныстырып, түсіндірді.

Тұрғындарды алдағы сайлауға белсене қатысып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

Мен "Nur Otan" партиясын таңдаймын!📷

"Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын!📷

10 қаңтар 2021 жыл, Сайлауға келіңіз!📷

#NurOtan

#Bizbirgemiz

#Zhenimpazbol

Ospan Kazakhbayev

0
0
138

"Бөрте" бастауыш партия ұйымының мүшелері партияға қолдау жасайтындарын білдірді

Жиынға қатысушыларға "Nur Otan" партиясының еліміздегі ең жетекші саяси күш екендігі, елімізді жаңғырту мен барша қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру бағдарын берік ұсынған партия екендігі айтылды. Барша сайлаушыларды алдағы сайлауда Қазақстандықтар үшін бейбіт өмірді, тұрақтылық пен жарқын болашақты қамтамасыз ететін "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырдық. Бюллетеньде екінші, өмірде бірінші "Nur Otan"- ға дауыс берейік!

0
0
129

Әрбір үйге барып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді

Кентау қаласына қарасты Оранғай ауылында «Есіктен есікке» атты акция өтті. «Nur Otan» партиясы облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар Қалыйма Жантөреева, Баймахан Сүлейменов, Насиба Атабаева, Жанат Тоғайбекова, Мұрат Садуов, Данияр Юнусалиев Оранғай ауыл көшелерін аралап, тұрғындармен кездесті.

Әрбір үйге барып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. Бүгінде Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдарда 12 ұлт өкілдері татулықта өмір сүруде. 6 этномәдени орталық қызмет етеді. 2025 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі апаттық жағдайдағы мәдениет нысандары жойылып, жаңа нысандар бой көтеретін болады.

0
0
115

«Nur Otan» жастардың өз бизнесін ашуына ықпал етеді

Кентау қаласына қарасты Шаға ауылында «Есіктен есікке» атты акция өтті. «Nur Otan» партиясы облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар Қалыйма Жантөреева, Баймахан Сүлейменов, Жанат Тоғайбекова, Насиба Атабаева, Мұрат Садуов, Данияр Юнусалиев Шаға ауылының көшелерін аралап, тұрғындармен кездесті.Әрбір үйге барып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасайды.Бұл үшін «Nur Otan» партиясы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 50 жас маманды ауылға тұрақтан…

0
0
116

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Бүгін Жаңаөзен қаласында сенімді өкілім Жаңбырбай Дәрменов, ҚР Мәжіліс депутаттығына үміткер Самат Мұсабаев, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Тимур Мусаев, Батыржан Қорғанбаевтармен бірге қала тұрғындарына Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Кездесу барысында Жаңаөзен халқын жұмыспен қамту, қалаға жаңа құрылыс, яғни тұрғын үй салу мәселелері көтерілді.

Өз кезегінде сайлаушылар партияға сәттілік тілеп, алдағы сайлауда дауыс берітіндіктерін жеткізді.

#BizBirgemiz!

#NurOtan

#JenimpazBol

0
0
191